АҚТӨБЕДЕ БІР ЖЫЛДА 10 АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ САЛЫНАДЫ
Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Жанаманова, Аслан Мұсаев, Демаш Хұсайынов «Автопарк» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясынының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы сайлауға шақырды.«Автопарк» ЖШС ұжымымен кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер де болды. Қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Сұлупан Шынтасова сөз сөйлеп, алдағы сайлаудың басты өзектіліктерін айтып өтті.— Nur Otan партиясының бағыты — тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Біздің міндетіміз — жұмыссыздықты 4,9 пайыз деңгейінде ұстап тұру және 2025 жылға қарай орташа жалақыны кем дегенде 200 мың теңгеге дейін арттыру. Сонымен қатар 105 мыңнан астам жұмыс орнын құру және бос жұмыс орын…