Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

АҚТӨБЕДЕ БІР ЖЫЛДА 10 АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ САЛЫНАДЫ

Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Жанар Жанаманова, Аслан Мұсаев, Демаш Хұсайынов «Автопарк» ЖШС ұжымымен кездесу өткізді. «Nur Otan» партиясынының сайлауалды бағдарламасын насихаттап, алдағы сайлауға шақырды.

«Автопарк» ЖШС ұжымымен кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер де болды. Қалалық сайлауалды штабының жетекшісі Сұлупан Шынтасова сөз сөйлеп, алдағы сайлаудың басты өзектіліктерін айтып өтті.

— Nur Otan партиясының бағыты — тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін жақсарту. Біз лайықты жалақымен жаңа жұмыс орындарын ашамыз. Біздің міндетіміз — жұмыссыздықты 4,9 пайыз деңгейінде ұстап тұру және 2025 жылға қарай орташа жалақыны кем дегенде 200 мың теңгеге дейін арттыру. Сонымен қатар 105 мыңнан астам жұмыс орнын құру және бос жұмыс орындарына 110 мыңнан астам адамды еңбекке орналастыру көзделуде, — деді Сұлупан Шынтасова.

Бұдан кейін сөз сөйлеген Демаш Хұсайынлв қалада жыл сайын 10 жаңа автобус аялдамалары салынатынын айтып, бағдарламаның «Жол сапасын жақсартамыз» бағытына тоқталды.

- Жыл сайын кемінде 10 автобус аялдамасы орнатылатын

болады. 2021 жылы барлық автобустарда бейнекамералар, валидаторлар, дауыс зорайтқыш құрылғыларды орнату үшін қызметкерлер үшін бірыңғай нысаны еңгізіледі. Қала тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, маршруттық бағыттарды жыл сайын назарға алынады. Қала көшелеріндегі жаяу және велосипед жолдары жабдықталады. Нәтижесінде 2025 жылға қарай жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы автомобиль жолдарының үлесі 65% - дан 90% - ға дейін артады,-деді ол.

Өз сөзінде үміткер партия бағдарламасының барлық бағытты қарстырғанын айтты. Жыл сайын жолдар жөнделіп, жаңа ғимараттар бой көтеретінін жеткізді. Ал «өзекті мәселелер қашан да шешімін табады» деген Аслан Мұсаев ұжым мүшелерін сайлаущда «Nur Otan» партиясына қолдау білдіруін сұрады.

- Бұл сайлау барлығымыз үшін маңызды. Елдің ертеңін ойлаған жан

біздің партияны қолдайды деп білемін. Партияның бағдарламасы шеңберінде көптеген сала қамтылған. Яғни, барлық салаға аса мән берген. Жол - бұл әр аймақтың өмірінің басты артериясы. Қаланың жалпы ұзындығы 651 км автомобиль жолдары көліктің экономикалық тиімді және қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етеді.Жолдардың сапасын жақсарту үшін біз бес жыл ішінде 48 шақырым жаңа автомобиль жолдарын салуға қол

жеткіземіз. Оның ішінде 2021 жылы «Нұр-Ақтөбе» «Батыс-2» жолдарының құрылысын аяқталатын болады. Батыс-2 шағын ауданындағы Тәуелсіздік көшесіндегі 3 км автомобиль жолы қайта құыралыд. Ақтөбе-Орск автомобиль жолы қайта жаңарады. «Ақтөбе қаласының оңтүстік айналма жолы» 13,8 км автомобиль жолын қайта жаңартуды қамтамасыз етеді,-деді ол.

Кездесу соңында кандидаттар «Автопарк» ЖШС қызметкерлерінің сауалдарына жауап берді.

0
0
131

Еще по теме

АҚТӨБЕДЕ БІР ЖЫЛДА 10 АВТОБУС АЯЛДАМАСЫ САЛЫНАДЫ - Yvision.kz