НЕСІПКҮЛ АНАНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА!
Міне, Жаңа жылды да төрге шығарып, мол үміт, үлкен қуанышпен күтіп алдық. Екі күндік мерекелік демалыстан кейін сайлауалды үгіт жұмыстарына тың күшпен кірісіп кеттік. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік ауылдында тұратын Өтебаева Несіпкүл ананың шаңырағына бас сұқтық. Кезінде облыстық кеңестің депутаты болған ана теледидар алдында жаңалықтар тыңдап отыр екен. Бізді көріп қалбалақтап, қуанышын жасыра алмаған ана өткен өміріне сапар шегіп, тың әңгімеге кірісті. "Путь Ильича" колхозында жүгері өсіруші болған Несіпкүл апа 40 жасында облыстық кеңестің екі шақырылымына депутат болған екен. Бүгінде 7 перзентінен 20 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты әже бізге үздік жүгері өсіруші бола жүріп, сол кездегі басылымдарға өзі шыққан газет тігінділер…

