НЕСІПКҮЛ АНАНЫҢ ШАҢЫРАҒЫНДА!
Міне, Жаңа жылды да төрге шығарып, мол үміт, үлкен қуанышпен күтіп алдық. Екі күндік мерекелік демалыстан кейін сайлауалды үгіт жұмыстарына тың күшпен кірісіп кеттік. Сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары аясында Тасарық ауылдық округіне қарасты Оңтүстік ауылдында тұратын Өтебаева Несіпкүл ананың шаңырағына бас сұқтық. Кезінде облыстық кеңестің депутаты болған ана теледидар алдында жаңалықтар тыңдап отыр екен. Бізді көріп қалбалақтап, қуанышын жасыра алмаған ана өткен өміріне сапар шегіп, тың әңгімеге кірісті. "Путь Ильича" колхозында жүгері өсіруші болған Несіпкүл апа 40 жасында облыстық кеңестің екі шақырылымына депутат болған екен. Бүгінде 7 перзентінен 20 немере, 11 шөбере сүйіп отырған бақытты әже бізге үздік жүгері өсіруші бола жүріп, сол кездегі басылымдарға өзі шыққан газет тігінділерін, фотоальбомдарын көрсетті. 1982--87 жылдары Мәскеуде өткен сьездерге қатысып, делегациямен жүргенде бастан өткен қызықтарын да айтуды ұмытпады.

"Nur Otan" партиясы Төлеби аудандық мәслихат депутаттығына үміткер мен, Дина Хангельдиева өз кезегімде апаның отбасына: ұлы Жандос, келіні Гүлмира және немерелеріне партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндірдім. Несіпкүл апа бізге ақ батасын беріп, еліміздің жетекші партиясына отбасымен дауыс беретінінін айтты.
Оңтүстік елдi мекеніндегi Саңлақ көшесінде үй-үйлерді аралап, ауыл тұрғындарымен кездесіп қайттым.

Ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, өз ойларымен бөлісті.
Акция аясында ауылдық округінде партияның сайлауалды бағдарламасындағы негізгі көзделген мақсаттарды атап, 10 қаңтар күні «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырдым.Тұрғындарға партияның үгіт насихаттық парақшаларын тараттым.
"Nur Otan "ға дауыс бер!
