КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ
«Nur Otan» партиясынан аудандық маслихат депутаттығына үміткер ретінде Әлімбекова Гүлсара Сейтханқызы канвассинг-кездесу өткізу үшін Балдысу елді мекенінде тұратын зейнеткер ұстаз, алтын құрсақты ана Әзиза Дәуренбекованың шаңырағында болды. Ұстаз – ең атақты да, ең беделді «ғалымды да, шахтерді де» оқытқан жан екені баршамызға белгілі. Сондықтан канвассинг-кездесуді ұстазымен өткізуді жөн көрді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының негізі жоспарларын, алға қойған мақсаттарын, «Сайлауалды бағдарлама 2025: 17 басымдықты» егжей-тегжейлі айтып өтті. Әзиза апай Кеңес Одағы кезінде жолдамамен Балдысу елді мекеніндегі Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне келіп, 40 жылға жуық бір мектепте жұмыс істеген, зейнеткер-ұстаз. Мұсылманның бес парызының бірі болып саналған қажылыққа бар…