КАНВАССИНГ-КЕЗДЕСУ
«Nur Otan» партиясынан аудандық маслихат депутаттығына үміткер ретінде Әлімбекова Гүлсара Сейтханқызы канвассинг-кездесу өткізу үшін Балдысу елді мекенінде тұратын зейнеткер ұстаз, алтын құрсақты ана Әзиза Дәуренбекованың шаңырағында болды.
Ұстаз – ең атақты да, ең беделді «ғалымды да, шахтерді де» оқытқан жан екені баршамызға белгілі. Сондықтан канвассинг-кездесуді ұстазымен өткізуді жөн көрді. Кездесу барысында «Nur Otan» партиясының негізі жоспарларын, алға қойған мақсаттарын, «Сайлауалды бағдарлама 2025: 17 басымдықты» егжей-тегжейлі айтып өтті.
Әзиза апай Кеңес Одағы кезінде жолдамамен Балдысу елді мекеніндегі Жамбыл атындағы шағын жинақты жалпы орта мектебіне келіп, 40 жылға жуық бір мектепте жұмыс істеген, зейнеткер-ұстаз.
Мұсылманның бес парызының бірі болып саналған қажылыққа барып келген, Қажы ана.Кездесу соңында Ә.Дәуренбекова «Nur Otan» партиясын қолдайтынын, ауыл арасында үгіт-насихат жүргізетінін, партияның бастамаларына сенім білдіретінін жеткізді.
Дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс берейік!
#КАНВАССИНГ_NurOtan
#10қаңтарNurOtangaдауысбер
