ЕЛДІ МЕКЕНДЕРДІ КӨГАЛДАНДЫРУМЕН ЖАСЫЛ АЙМАҚ ҚҰРУДЫҢ ӨҢІРЛІК ЖОСПАРЫ БЕКІТІЛДІ
Соған сәйкес елді мекендерді көгалдандырудың және жасыл аймақ құрудың жоспары облыс әкімімен бекітіліп, Министрлікке келісуге ұсынылды. Бұл туралы Маңғыстау облысының қоғамдық коммуникация орталығында Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков мәлім етті. Оның айтуынша, өңірлік жоспарға сәйкес, алдағы бес жылда елді мекендерде 200 мыңнан аса ағаш өсіру, елді мекен айналасына 2 500 гектарға дейін жасыл желек, басым бағытта сексеуіл ағашын өсіру жоспарлануда.«Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен облыста 2019 жылдың 3 қазанында «Экологиялық сағат» республикалық акциясы ұйымдастырылды.Оған өңірдегі барлық 141 білім беру…