Перейти к содержимому

Новое

САПАРБАЯН - 34: ШЕТПЕНІҢ АРДАГЕРЛЕРІ

"Ассалаумағалейкүм" деп кіріп барып ем ағаларым жарқылдап қарсы алды. Бәрі көзтаныс, бәрін қылшылдаған жігіт кезінен білемін.

Сәттілік тілеп, баталарын беріп жатыр. "Ағалар" дедім, "үлкен іске бел будым ғой. Өздеріңіз осы елдің ағасысыздар. Жүрген жерімде айта жүрейін, не ой-пікір, сын, ескертпелерің бар"

"Саматжан, мәжіліске сайланып алыңдар, талап пен тілекті сол кезде айтамыз. Депутат болып жатсаң бізді ұмытпа, қайырылып бір соқ" деді ақсақалдар бірауыздан.

Ақсақалы бар ел - бақытты ел деп білемін. Көргені мен түйгені мол Ағаларымның батасына алып сапарымды әрі жалғадым.

#NurOtan

#Сапарбаян

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
120

ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ - АҚТАУ

партиясының сайлау алды бағдарламасын түсіндіріп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргіздім. Қамтылған адам саны 47.Бүгін Ақтау қаласы, 27-ші шағынауданда орналасқан базарда экспромт кездесу өткізіп, кәсіпкерлергеNur Otan

#NurOtan

#edilzhangbyrshin

Nur Otan Aktau

ҚОҒАМДЫҚ ҚАБЫЛДАУ

06 қаңтар күні облыс бойынша сайлауалды штабтың қоғамдық қабылдау бөлмелерінде барлығы 50 тұрғыннан өтініш келіп түсті. Атап айтар болсақ, жазбаша түрде 4, ауызша түрде 25, телефон арқылы 20, электронды почта арқылы 1.Өтініштерге талдау жасасақ, тұрғындарды негізінен әлеуметтік қамсыздандыру және жұмыссыздық бойынша мәселелер көбірек алаңдататыны белгілі болды. 5 мәселе жер және тұрғын үй бөлу, тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бойынша 7 сұрақ, жұмыссыздық бойынша 16 сұрақ, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша 14 мәселе айтылды. Сондай-ақ агроөнеркәсіптік кешен, білім саласы, кәсіпкерлік бойынша да тұрғындардың көкейтесті сұрақтары қойылды. Нәтижесінде 40 өтінішке түсініктеме беріліп, 10-ы бойынша жұмыстар басталды.​ ​11 желтоқсан мен 8 қаңтар аралығында жұмыс жасайтын штабтың қоғамдық қабылда…

МҰНАЙШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ

Маңғыстау облыстық сайлауалды штаб мүшелері "Жетібаймұнайгаз» АҚ ұжымымен кездесті.

«Nur Otan» партиясының "Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір" атты және өңірлік сайлауалды бағдарламасын түсіндірді. 2021-2025 жылдары атқарылатын жұмыстарға тоқталды. Өңір мен қаланы дамыту бағдарламасының міндеттері мен мақсаттары, басты басым бағыттары туралы егжей-тегжейлі айтып, мұнайшылардың сұрақтарына жауап берді. Таза ауа, сапалы ауыз-су, жол, туризм дамыту, өндірісті ұлғайту, тұрақты жұмыс орындарын құру бойынша жұмыстар айтылды.

ЭКСПРОМТ: “ДАНА” СУПЕРМАРКЕТІ

партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған брошюралар таратылып, дауыс беруге шақырылды.Бүгін сенімді өкілдерім “Дана” супермаркетіне барып экспромт-кездесу өткізді. Демалыс күні болса да, сатып алушылар айтарлықтай көп емес екен. БәрінеNur Otan

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
110

«ҚАЗАҚТЕЛЕКОМ» ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСУ

Үгіт жұмысының соңғы күні "Қазақтелеком" АҚ еңбек ұжымына «Nur Otan» партиясының таяудағы 5 жылға арналған өңірлік сайлауалды бағдарламасы таныстырылды. Облыстық штаб мүшелері бағдарламаның 7 басым бағытына тереңірек тоқталып, партияның ықпал ететін жұмыстарын атап өтті. Биылғы бағдарлама әр өңірге жеке дара талданып, сарапталып жасақталғаны тілге тиек етілді.

Партия азаматтарымыздың өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды, әркімнің таза суға, ауаға және сапалы жолдарға қол жеткізуін қолдайтынын атап өтті. Бұл бағытта қаланы дамыту және абаттандыру тұжырымдамасы аясында жұмыстар жалғасатын болады.

ЭКСПРОМТ: “МЕЧТА” ЭЛЕКТРОНИКА ДҮКЕНІ

Сондай-ақ, бүгін сенімді өкілдерім “Мечта” электроника дүкеніне жиналған көпшілікпен экспромт-кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындарға “Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасы жазылған қағаздар таратылып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Сайлауға шақырылды. Тұрғындар бірқатар сұрақтар қойып белсенділік танытқан.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
128

ӘМІРХАН АЙТҚАН ӘҢГІМЕ

Бүгін Түпқараған ауданына бардық. Негізгі нысанамыз халық емшісі, ел азаматы - Әмірханның үйі.

Құрдасым есік алдынан қарсы алып, төріне бастады. Әңгіме өзегі тарих мен бүгіннің сабақтастығы.

партиясының бағдары да, нақты мақсаттары да ұнайды. Ел сенеді, біз сенеміз" деді Әмірхан құрдас."Кешегілердің өмірінен тағылым ала отырып, алға басамыз ғой.Nur Otan

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#ЕлІшінде

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
135

БАТЫР АНА

Қалекеш апамыз батыр деген атқа шын лайық жан екен. Жасы сексенге таяп қалса да бір басына жетерлік қызметі де, өнері де бар бесаспап әже екен.Он баланы өмірге әкеліп, асырап, ұяға да, қияға да қондырып отырған бақытты ана.Ауылдағы әжелер ансамблінде ән айтып, мерекелік кештердің шырайын ашқан әнші.Ақ жұмыртқадай ағаш үй тігіп, ұлттың ұлық өнерін сақтап отырған шебер!Жалпы, ағаш үй тігу, киіз басу, бау тоқу деген қазақтың көп жерінде сақталмаған, жоғалып бара жатқан асыл өнер. Бұл кәсіпті ұстаған кісілерге құрметім ерекше.Қалекеш әжемізге де осы пікірімді айтып едім, мәз болды. "Айналайын, рахмет ақ ниетіңе. Барған жеріңде де айта жүр, сөзің өтімді болатын жерді бағыт етіпсің ғой, жолың болсын" деді анамыз.Ақ батасын жаудырған ананың ақ пейіліне разы боп аттандық!#NurOtan#ЕлІшінде#СаматМу…

0
0
114

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР

Біз әр баланың толыққанды өмір сүру жағдайын қамтамасыз етуді, оның құқықтарын қорғауды, жақсы тәрбие мен білім алу мүмкіндігін қолдаймыз.2025 жылға қарай 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100%, 2 жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 95% мектепке дейінгі біліммен және тәрбиемен қамтамасыз етіледі.Бала-бақшаға кезекке қою тәртібі толығымен цифрландырылады. Ата-аналарға «балаға қаражат» принципі бойынша кез-келген бала-бақшада орын таңдау үшін ваучерлер беріледі.Мектепке дейінгі ұйымдар балаларды ерте жасынан бастап әлеуметтік ортаға бейімдеуге, оларды мектепке даярлауға бағдарланады. Балаларға сапалы білім беру2025 жылға қарай біз 800 жаңа мектепті салу есебінен апаттық және үш ауысымды мектептердің проблемасын түбегейлі шешеміз, сондай-ақ барлық мектептерді мұғалімдермен 100% қамтамасыз етеміз…

0
0
114