Перейти к содержимому

Новое

БЕЛСЕНДІ ПАРТИЯ МҮШЕЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

     Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарын сайлау кезінде "Nur Otan" партиясының сайлау науқанына белсенді атсалысқан сенімді өкілдер мен бірқатар партия мүшелері  "Nur Otan" партиясы Төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Қыдырғалиұлы Байбектің "Алғыс хатымен" марапатталды.

     Партияның бүгінгі күндегі жетістігі- белсенді азаматтардың қажырлы еңбегінің нәтижесі. Елбасымен бірге қол жеткізген жеңіс Отанымыздың игілігі мен өркендеуіне қызмет етеді.

Партияластарымызға зор денсаулық, сәттілік және қызметтерінде табыс тілейміз!

0
0
131

ЕЛБАСЫНАН КЕЛГЕН МАРАПАТ

ЕЛБАСЫНАН КЕЛГЕН МАРАПАТ

Үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында ҚР Парламентінің Мәжілісі мен мәслихаттар депутаттарының сайлауы өткен болатын.

Осы саяси доданың ұйымшылдықпен өткізілуі бағытында, «Nur Otan» партиясының жеңістен көрінуі жолында партия белсенділері, сенім білдірген өкілдер, байқаушылар үлкен белсенділіктер танытты.

Бүгін «Nur Otan» партиясының мәжіліс залында «Nur Otan» партиясы Сырым аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Дарғожиев саяси науқанда зор белсенділік көрсеткен бір топ зиялы қауым өкілдеріне Елбасы Н.Назарбаевтың тарапынан «Алғыс хат» тапсырып, зор ризашылық сезімін білдірді. Аталмыш марапат алғандардың арасында зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, мәдениет, денсаулық, спорт, баспасөз саласының өкілдері бар.

Айжан БАУЫРЖАНҚЫЗЫ,

Сырым ауданы

0
0
124

БАКИРОВ ҚАБЫЛДАУ ӨТКІЗДІ

10-ақпанда "Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалына бекітілген кестеге сәйкес және алдын-ала әлеуметтік желіде жарияланған хабарландырумен Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы, партия мүшесі БАКИРОВ Абдуахат Абдусаматұлы арнайы келіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Шолаққорған ауылының тұрғындары келіп, мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Тұрғын үймен қамту, емделуге қажетті қаржы, қоғамдық жұмыстарға жолдама алу, т.б. мәселелермен келген азаматтар мәселесінің алдағы кезеңде шешімін табуға ықпал жасалатын болады.

0
0
167

Конкурс «Папа, мама, я – спортивная семья»

Егіндікөл ауданының 50 жылдық мерейтойы аясында " Әкем, анам, мен – спорттық отбасым " атты аудандық байқау өтті. Алакөл ауылдық округінің отбасы 2 орынды иеленді.

В рамках 50-летнего юбилея Егиндыкольского района прошел районный конкурс «Папа, мама, я – спортивная семья». В котором  семья из Алакольского сельского округа заняла почетное 2 место.

0
0
188

ЕЛДІҢ СӨЗІ — НАЗАРДА!

Сәрсенбіде "Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалына бекітілген кестеге сәйкес және алдын-ала әлеуметтік желіде жарияланған хабарландырумен Созақ аудандық мәслихатының хатшысы БАЙҒАРАЕВ Бегімбет Биімбетұлы арнайы келіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қоғамдық қабылдау өткізді. Қабылдауға Шолаққорған, Созақ ауылының тұрғындары келіп, мәселелерінің шешілуіне ықпал етуді сұрады. Дәрі-дәрмек алуға жәрдем ету, ұжымдардағы еңбек қатынастарына объективті баға беру, материалдық, қаржылай көмек көрсету, т.б. мәселелерді алға қойған азаматтарға заңнама бойынша түсініктемелер берілсе, бірқатар азаматтар мәселесі алдағы кезеңде басты назарда болады деп шешілд

0
0
150

Хабарландыру

 Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бакиров Абдуахат Әбдусаматұлы 10 ақпан күні сағат 12:00 де аудан тұрғындарын арыз-шағымдар мен өтініштер бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді. Аталған бөлімге қатысты сұрақтарыңыз болса, қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз.

      Мекен-жайымыз: Шолаққорған ауыл округі, Жібек жолы көшесі №1919 үй, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы.

Қабылдауға келуге ниет білдірген азаматтар телефон шалу арқылы да жазыла алады.

Тел: + 7 702-167-07-03; 8 (72546) 4-28-22

0
0
140

Приём граждан депутатом районного маслихата в Катон-Карагайской общественной филиала партии

Приём граждан состоялся сегодня в общественной приёмной филиала партии Катон-Карагайского района депутатом районного маслихата Мурзахановым Е. К. В ходе приёма были приняты телефонные звонки по вопросам водоснабжения и по благоустройству улиц района. По всем вопросам даны устные разъяснения.

0
0
122

Хабарландыру

Құрметті Созақ ауданының тұрғындары!

 Созақ аудандық мәслихатының хатшысы Байғараев Бегімбет Биімбетұлы мен Созақ аудандық мәслихатындағы "Nur Otan" партиясы фракциясының жетекшісі Әлжанов Ролан Ізбасарұлы 10 ақпан күні сағат 11:00 де аудан тұрғындарын арыз-шағымдар мен өтініштер бойынша қоғамдық қабылдау өткізеді.

    Егер, Сіздің көкейіңізде жүрген сұрақтарыңыз болса, ақпан айының 10 күні сағат 11:00-де партияның қоғамдық қабылдау бөлмесінде күтеміз!  

Мекен-жайымыз: Шолаққорған ауыл округі, Жібек жолы көшесі №1919 үй, «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы.

Қабылдауға келуге ниет білдірген азаматтар телефон шалу арқылы да жазыла алады.

Тел: + 7 702-167-07-03; 8 (72546) 4-28-22

0
0
181

Мониторинг цен на продовольственные продукты питания

В селе Улкен Нарын 4 февраля 2021года проведен рейд по торговым объектам в целях мониторинга стабилизации цен на основные социально-значимые продовольственные товары (СЗПТ), комиссией в составе: заместителя акима района, представителей партии «Nur Otan», палаты предпринимателей «Атамекен», отдела предпринимательства и заместителя акима Улкен Нарынского сельского округа.
С начала года между местными исполнительными органами и индивидуальными предпринимателями ежегодно заключаются меморандумы. Комиссия посетила ряд торговых объектов с. Улкен Нарын. При встрече с предпринимателями проверено насколько предпринимателями соблюдаются нормы меморандумов. По 19наименованиям продуктов, определенных в меморандуме, торговая наценка должна составлять не более 15%. Работа над недопущением роста цен, будет проводиться на постоянной основе.

0
0
131

СОЗАҚ: АУДАН ӘКІМІ САЛЫХАН ПОЛАТОВ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ

 Теріскейліктер тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жеткен жетістіктер жетерлік. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай ауданымызда жаңадан  мектептер мен  медицина мекемелер,  балабақшалар мен шағын орталықтар, мәдени ошақтар салынып, заманауи үлгіде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер жаңарып, ауыл, елді мекендердегі ішкі және күре жолдар жөнделді. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, индустриалды аймақ өркен жайды. 

 Өңіріміздегі жер асты қазба байлықтарының мол көзі ашылып, қуатты өндіріс орындары бой көтерді. Шетелдік, отандық инвесторлар тартылып, ірі біріккен кәсіпорындар ашылды. 

 Бүгінде ауданымыз өндірісі өрлеген, шаруашылығы шалқыған облыстағы көшбастаушы аудандардың біріне айналып отыр. Өткен 2020 жылы да әлемді жайлаған пандемияға қарамастан, Созақ ауданы алға қойылған жоспарлар жоғары дәрежеде орындап, жылды табысты қортындылады.       

 Бүгін аудан әкімі Салыхан Полатов, 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы қорытынды есебін берді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға, аудандық маслихаттың депутаттары, бөлім, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Есептік жиын карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. Ауыл кент округ тұрғындары zoom және facebook әлеуметтік желісі арқылы есептік жиынды онлайн көріп, сауалдарын қойды.    

Өткен жылы атқарылған жұмыстар бейнефильм арқылы тұрғындар назарына ұсынылды. Мәселен, бюджеттің кіріс бөлігі 2019 жылы  204 миллиард 5 миллион теңгеге, 2020 жылы 286 миллард 1 миллион теңге, яғни 104,1 пайызды құрап отыр. 2020 жылы ауданда 316 миллард 758 миллион теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 101,1 пайызға немесе  3 миллард 377 миллион 200 мың теңгеге артты. Аудан экономикасына 39 миллард 862 миллион теңге инвестиция тартылды. Әсіресе, ауыл шаруашылығында жасалған жұмыстар орасан. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік инвест бағдарлама бойынша 43 шаруаға құдық қазылып, 68 күн сәулесінен энергия алатын қондырғы орнатқан. Cозақ ауыл округіндегі «Суындық» каналын күрделі  жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылысы аяқталған соң қосымша 1250 га суармалы жер айналымға қосылатын болады. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырсы  бойынша 22 азамат өздерінің үй іргелік жерлеріне тамшылатып суару қондырғыларын орнатып, көкөніс дақылдарын екті. «Болыс ата» шаруа қожалығы 112 тонна бақша дақылдарын Ресей Федерациясының Уфа қаласына экспорттады. Теріскейліктер үшін түйе шаруашылығын дамыту ауданның басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өткен жылы 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, жылдың қорытындысымен 1980 бас түйе аналығы сатып алынды. Аудан агроқұрылымдары «Golden Camel Group» ЖШС-не және «Казфут» ЖШС-не, 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілді. 2230 бас мүйізді ірі қара мал басы асылдандырып, бұл бағыт бойынша жұмыстар жіті ұйымдастырылды.  Мал шаруашылығын дамыту үшін аудан шаруалары  252 миллион 290 мың теңгеге субсидия алды. Кәсіпкерлік саласы бойынша 2020 жылы Шолаққорған ауылынан жобалық құны 50 миллион АҚШ долларын құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электр станциясы салынып, іске қосылды. Онда 30  адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Аудан кәсіпкерлеріне несиелік ұйымдар арқылы  69 жобаға  303 млн. теңге несие алды. 

Шешілуі керек ауыз су, жол мәселесі бүгінде күрмеуі кертіліп, түйіні тарқатылып келеді. Аудан көлемінде жүргізілген  құрылыс жұмыстары да жетерлік. Ту тұғыры алаңқайы мен Жастар орталығы ғимараты пайдалануға берілді. Аудан орталығынан «Теріскей» және «Абай» саябағы халық игілігіне ұсынылды. Аудандық балалар мен жасөпірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өтіп, Сызған, Раң ата, Аққолтық және Шолаққорған ауылынан шағын футбол алаңшасы салынды. Бабата елді мекенінен балалар ойын алаңы мен Отан соғысына және еңбек ардагерлеріне арналып ескерткіш тақта ашылды. Жыл ішінде 25,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге асфальт және қиыршақ тас төселді. Биыл аудан орталығы Ә.Молдағұлова және Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы орта мектебіне 300 орындық оқу корпусы, Ақсүмбе елді мекеніндегі С.Қожанов атындағы 100 орындық мектеп құрылысы пайдалануға беріледі. Тағы бір қуанышты жаңалық С.Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражайының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Шолаққорған ауылы, Ақшам мөлтек ауданын жарықтандыру құрылысы да ел игілігіне ұсынылады.  Қазіргі таңда, Абай, Раң және Шу елді мекендеріне «Kcell» ұялы байланыс арнасы мен интернет желісі орнатылды. Шаға, Ақсүмбе, Бақырлы, Сарыжаз, Балдысу елді мекендеріне ұялы байланыс пен интернет желісі алдағы ақпан айында іске қосылады. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі 

67% құрады. Білім беру ұйымдарының қашықтықтау оқыту жүйесіне көшуіне байланысты, республикалық бюджеттен 2004 дана ноутбук, 236 дана палншет, 206 компьютер, 100 компьютер демеушілер есебінен тұрмысы төмен  отбасыларға таратылып берілді.  Өмірлік жағдайы қиын баспанасыз жүрген 10 отбасы тұрғын үймен қамтылды.  «Қамқорлық» акциясы бойынша  67 отбасы 374 адам  21 млн 721 мың  теңгенің қаржылай материалдақ көмектерін алды. Туристер тартатын “Ақбикеш” тарихи мұнарасынын қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Казреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесі биыл аяқтады.  Бұл аудан халқының көп жылдан бергі арман тілегі болатын. Осылай деп атқарылған жұмыстарды қорытындылаған аудан әкімі, биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды. 

Халық ауданға көгілдір отынның кіруін асыға күтіп отыр. Аудан басшысы Салыхан Полатов өз сөзінде «2021 жылға магистралды газ құбырының құрылысына 1 млрд 100 млн теңге қаралып отыр. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін газдандыру жұмыстарына 2021 жылға 1 млрд теңге қаржы қаралды. Демек, келер жылы газ кіргізілу жұмыстары жүргізіледі»,- деді. 37 шақырымды құрайтын 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жеткізге аудан әкімі, барлық ауыл кенттерді қамтылатынын жеткізді. Сондай-ақ, ауыл кенттерден  2 көше мемлекеттік жеке әріптестік серіктестігі арқылы және 5 көшеге бюджет есебінен жарықтандыру жүргізіледі, - деді. 

Есептік жиында аудан әкімі әлеуметтік желі арқылы қойылған сауладарға жауап берді. Қасымжан Өмірұлы «Цифрлар көңіл көншітеді, бірақ арғы шетінде адам тағдыры тұрғанын ұмытпайық. Әкім халық үніне құлақ асса орынды» -деп, алда атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі. Жұмабекова Гүлшат есімді аудан тұрғыны facebook әлеуметтік желісі арқылы  «Шолаққорған Созақ жолы қашан салынады» деген сауалын жолдады. Аудан басшысы Салыхан Полатов, «"Екпінді-Шаян-Созақ-Ұланбел" облыстық маңызы бар автомобиль Шолаққорғанға дейін салынды, қаржының жоқтығына байланысты, Шолаққорған- Созақ бағытындағы жол тоқтатылған болатын. Алайда  Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы жобалық сметалық құжаттары жасалып, жобаны қаржыландыру мақсатында бюджетке ұсынысылды деді. Қойылған сауалдарға жауап берген аудан әкімі Салыхан Полатов, жұмыс жоспары жасалынып, іс шара бекітілетінін жеткізді. 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

0
0
336