СОЗАҚ: АУДАН ӘКІМІ САЛЫХАН ПОЛАТОВ ТҰРҒЫНДАР АЛДЫНДА ӨТКЕН ЖЫЛДЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАДЫ
Теріскейліктер тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында жеткен жетістіктер жетерлік. Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бермен қарай ауданымызда жаңадан мектептер мен медицина мекемелер, балабақшалар мен шағын орталықтар, мәдени ошақтар салынып, заманауи үлгіде көптеген әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халықтың игілігіне пайдалануға берілді. Тұрғын үйлер жаңарып, ауыл, елді мекендердегі ішкі және күре жолдар жөнделді. Шағын және орта бизнес қарқынды дамып, индустриалды аймақ өркен жайды.
Өңіріміздегі жер асты қазба байлықтарының мол көзі ашылып, қуатты өндіріс орындары бой көтерді. Шетелдік, отандық инвесторлар тартылып, ірі біріккен кәсіпорындар ашылды.
Бүгінде ауданымыз өндірісі өрлеген, шаруашылығы шалқыған облыстағы көшбастаушы аудандардың біріне айналып отыр. Өткен 2020 жылы да әлемді жайлаған пандемияға қарамастан, Созақ ауданы алға қойылған жоспарлар жоғары дәрежеде орындап, жылды табысты қортындылады.
Бүгін аудан әкімі Салыхан Полатов, 2020 жылы атқарылған жұмыстар мен алда тұрған міндеттер туралы қорытынды есебін берді. Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен жиынға, аудандық маслихаттың депутаттары, бөлім, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Есептік жиын карантин талаптарын сақтай отырып өткізілді. Ауыл кент округ тұрғындары zoom және facebook әлеуметтік желісі арқылы есептік жиынды онлайн көріп, сауалдарын қойды.
Өткен жылы атқарылған жұмыстар бейнефильм арқылы тұрғындар назарына ұсынылды. Мәселен, бюджеттің кіріс бөлігі 2019 жылы 204 миллиард 5 миллион теңгеге, 2020 жылы 286 миллард 1 миллион теңге, яғни 104,1 пайызды құрап отыр. 2020 жылы ауданда 316 миллард 758 миллион теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндіріліп, 2019 жылмен салыстырғанда 101,1 пайызға немесе 3 миллард 377 миллион 200 мың теңгеге артты. Аудан экономикасына 39 миллард 862 миллион теңге инвестиция тартылды. Әсіресе, ауыл шаруашылығында жасалған жұмыстар орасан. Мал шаруашылығын дамытуға мемлекеттік инвест бағдарлама бойынша 43 шаруаға құдық қазылып, 68 күн сәулесінен энергия алатын қондырғы орнатқан. Cозақ ауыл округіндегі «Суындық» каналын күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Құрылысы аяқталған соң қосымша 1250 га суармалы жер айналымға қосылатын болады. Сондай-ақ, облыс әкімінің тапсырсы бойынша 22 азамат өздерінің үй іргелік жерлеріне тамшылатып суару қондырғыларын орнатып, көкөніс дақылдарын екті. «Болыс ата» шаруа қожалығы 112 тонна бақша дақылдарын Ресей Федерациясының Уфа қаласына экспорттады. Теріскейліктер үшін түйе шаруашылығын дамыту ауданның басым бағыттарының бірі болып қала береді. Өткен жылы 1660 бас түйе аналығын сатып алу межесі белгіленіп, жылдың қорытындысымен 1980 бас түйе аналығы сатып алынды. Аудан агроқұрылымдары «Golden Camel Group» ЖШС-не және «Казфут» ЖШС-не, 256 тонна түйе сүті қайта өңдеу кәсіпорындарына өткізілді. 2230 бас мүйізді ірі қара мал басы асылдандырып, бұл бағыт бойынша жұмыстар жіті ұйымдастырылды. Мал шаруашылығын дамыту үшін аудан шаруалары 252 миллион 290 мың теңгеге субсидия алды. Кәсіпкерлік саласы бойынша 2020 жылы Шолаққорған ауылынан жобалық құны 50 миллион АҚШ долларын құрайтын «ЮКСЭС-50» ЖШС-нің күн электр станциясы салынып, іске қосылды. Онда 30 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Аудан кәсіпкерлеріне несиелік ұйымдар арқылы 69 жобаға 303 млн. теңге несие алды.
Шешілуі керек ауыз су, жол мәселесі бүгінде күрмеуі кертіліп, түйіні тарқатылып келеді. Аудан көлемінде жүргізілген құрылыс жұмыстары да жетерлік. Ту тұғыры алаңқайы мен Жастар орталығы ғимараты пайдалануға берілді. Аудан орталығынан «Теріскей» және «Абай» саябағы халық игілігіне ұсынылды. Аудандық балалар мен жасөпірімдер спорт мектебі күрделі жөндеуден өтіп, Сызған, Раң ата, Аққолтық және Шолаққорған ауылынан шағын футбол алаңшасы салынды. Бабата елді мекенінен балалар ойын алаңы мен Отан соғысына және еңбек ардагерлеріне арналып ескерткіш тақта ашылды. Жыл ішінде 25,5 шақырымды құрайтын 20 көшеге асфальт және қиыршақ тас төселді. Биыл аудан орталығы Ә.Молдағұлова және Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы орта мектебіне 300 орындық оқу корпусы, Ақсүмбе елді мекеніндегі С.Қожанов атындағы 100 орындық мектеп құрылысы пайдалануға беріледі. Тағы бір қуанышты жаңалық С.Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражайының құрылысы аяқталады деп күтілуде. Шолаққорған ауылы, Ақшам мөлтек ауданын жарықтандыру құрылысы да ел игілігіне ұсынылады. Қазіргі таңда, Абай, Раң және Шу елді мекендеріне «Kcell» ұялы байланыс арнасы мен интернет желісі орнатылды. Шаға, Ақсүмбе, Бақырлы, Сарыжаз, Балдысу елді мекендеріне ұялы байланыс пен интернет желісі алдағы ақпан айында іске қосылады. Электронды түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі
67% құрады. Білім беру ұйымдарының қашықтықтау оқыту жүйесіне көшуіне байланысты, республикалық бюджеттен 2004 дана ноутбук, 236 дана палншет, 206 компьютер, 100 компьютер демеушілер есебінен тұрмысы төмен отбасыларға таратылып берілді. Өмірлік жағдайы қиын баспанасыз жүрген 10 отбасы тұрғын үймен қамтылды. «Қамқорлық» акциясы бойынша 67 отбасы 374 адам 21 млн 721 мың теңгенің қаржылай материалдақ көмектерін алды. Туристер тартатын “Ақбикеш” тарихи мұнарасынын қайта қалпына келтіру жұмыстарын «Казреставрация» ғылыми зерттеу және жобалау мемлекеттік мекемесі биыл аяқтады. Бұл аудан халқының көп жылдан бергі арман тілегі болатын. Осылай деп атқарылған жұмыстарды қорытындылаған аудан әкімі, биыл атқарылатын жұмыстарға тоқталды.
Халық ауданға көгілдір отынның кіруін асыға күтіп отыр. Аудан басшысы Салыхан Полатов өз сөзінде «2021 жылға магистралды газ құбырының құрылысына 1 млрд 100 млн теңге қаралып отыр. Сонымен қатар, Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін газдандыру жұмыстарына 2021 жылға 1 млрд теңге қаржы қаралды. Демек, келер жылы газ кіргізілу жұмыстары жүргізіледі»,- деді. 37 шақырымды құрайтын 25 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілетін жеткізге аудан әкімі, барлық ауыл кенттерді қамтылатынын жеткізді. Сондай-ақ, ауыл кенттерден 2 көше мемлекеттік жеке әріптестік серіктестігі арқылы және 5 көшеге бюджет есебінен жарықтандыру жүргізіледі, - деді.
Есептік жиында аудан әкімі әлеуметтік желі арқылы қойылған сауладарға жауап берді. Қасымжан Өмірұлы «Цифрлар көңіл көншітеді, бірақ арғы шетінде адам тағдыры тұрғанын ұмытпайық. Әкім халық үніне құлақ асса орынды» -деп, алда атқарылатын жұмыстарға сәттілік тіледі. Жұмабекова Гүлшат есімді аудан тұрғыны facebook әлеуметтік желісі арқылы «Шолаққорған Созақ жолы қашан салынады» деген сауалын жолдады. Аудан басшысы Салыхан Полатов, «"Екпінді-Шаян-Созақ-Ұланбел" облыстық маңызы бар автомобиль Шолаққорғанға дейін салынды, қаржының жоқтығына байланысты, Шолаққорған- Созақ бағытындағы жол тоқтатылған болатын. Алайда Түркістан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы арқылы жобалық сметалық құжаттары жасалып, жобаны қаржыландыру мақсатында бюджетке ұсынысылды деді. Қойылған сауалдарға жауап берген аудан әкімі Салыхан Полатов, жұмыс жоспары жасалынып, іс шара бекітілетінін жеткізді.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
