«Мәдени тоғысу: мәдениеттер диалогы» библио-көпір
23 қыркүйек – Қырғыз Республикасының Мемлекеттік тіл күнінде Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Токтогул Сатылганов атындағы Ош облыстық кітапханасымен халықаралық онлайн-көпір өтті. Іс-шара Қостанай қалалық Достық үйімен бірлесіп ұйымдастырылды.Кездесудің құрметті қонақтары Қостанай облысындағы қырғыз қауымдастығының өкілдері болды. Олар қатысушыларды өз отандарының бай мәдени мұрасымен таныстырып, Қырғызстанның бірегей үйлену тойы салт-дәстүрлері туралы кеңінен әңгімелеп берді.Мәдениеттер диалогына А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университетінің журналистика кафедрасының студенттері белсенді қатысты. Болашақ медиа мамандары этнографиялық дәстүрлер мен мәдениетаралық өзара іс-қимылдың қыр-сырын біліп қана қоймай, халықаралық кездесудің м…

