Егер сіз уақыттың қайда кететінін білмесеңіз, ұйқыңыз, қаншалықты ерте жатқанмен, ешқашан да қанбаса, сабақ оқуға ынтаңыз жоқ болып, айналаңыздағы достарыңыз сізді түсінбей жүрсе, сүйетін жартыңыз сізге ренжулі болса, оның үстіне соңғы кездері қашан көңіл-күйіңіздің жоғары болып, күлгеніңіз есіңізде болмаса, барлығына да жауап біреу - сізде КҮЗГІ ДЕПРЕССИЯ! Соңғы кездері депрессия ауруы, психолог мамандарының айтуы бойынша, адамдар арасында ең жиі кездесетін аурудың түрі. Ол адамның жүйке жүйесін қоздыртып, бойының сергектігін өзіне «сорып» алады. Соның нәтижесінде адамды айналасындағы жаңалықтар қызықтырмай, жалғыздық сезімі жаулайды. Оның үстіне жүргізген тәжірибелерге көз жүгіртетін болсақ, депрессия уақытында адам қара түсті киімдерді киіп қана қоймай, айналасын да қара түске жамылдыр…