Перейти к содержимому

«Әділет» партиясының кандидаттары ОСК-де тіркеуден өтті

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы «Әділет» партиясынан Құрылтай сайлауына қатысатын партиялық тізімді тіркеді.

Партиялық тізімге 186 кандидат кірді. Олардың арасында – заңгер, ғалым, кәсіпкер, сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, цифрландыру, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, мәдениет пен қоғамдық қызметтердің өкілдері бар. Жалпы, тізімде 72 әйел және 114 ер адам бар. Кандидаттардың орташа жасы – 45 жас.

Еске сала кетсек, «Әділет» партиясы 2026 жылы 1 маусымда ресми тіркеліп, кейін Құрылтай сайлауына қатысуға дайын екенін жариялаған еді. 10 шілдеде өткен кезектен тыс III Съезде партия 186 кандидаттан тұратын партиялық тізімді ұсынып, сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Бұл – партияның Парламент сайлауындағы алғашқы саяси додасы. Парламент сайлауы 23 тамызда өтеді.

0
0
462

Еще по теме