«БІЗДІҢ ДЕПУТАТТАР» АЙДАРЫ
Сіздерді Ақжайық ауданданымыздың халық қалаулыларымен «Біздің депутаттар» жаңа айдары арқылы таныстыруды жалғастырамыз. Бүгінгі кейіпкеріміз. Аудандық мәслихат депутаты Ибрашева Алтынай Абаевна,1971 жылы 13 шілдеде дүниеге келген.Туған жері – Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының Тайпақ ауылы. 1978 жылы мектеп табалдырығын аттап Қ.Байсықов атындағы ОЖББ мектебін бітірді. Білімін шыңдау жолында Орал педагогикалық колледжін «Бастауыш мектепке сабақ беру» мамандығы, Батыс Қазақстан гуманитарлық академиясын «Бейнелеу өнері және сызу» мамандығы, Орал гуманитарлық колледжін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша тәмәмдап, диплом алды . 1990-2004 жылдары Қ.Байсықов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде бастауыш сынып мұғалімі қызметін атқарды. Осы қызметін атқара жүріп…






