САЙЛАУ НАУҚАНЫНДА НҰРОТАНДЫҚТАР 6628 ШАРА ӨТКІЗІП,770 738 ҮГІТ-НАСИХАТ МАТЕРИАЛДАРЫН ІЛІП, ТАРАТТЫ
Өздеріңізге белгілі биылғы жылы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауы өтті. «Nur Otan» партиясының Алматы облыстық және аудан-қалалық сайлауалды штабтары 6 628 іс-шара ұйымдастырылып, 452 816 адам қатысты. Оның ішінде 3 895 іс-шара онлайн түрде 270 201 адамның қатысуымен өтті. Бұл туралы, «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлнәр Тойлыбаева «Жетісу медиа алаңында алаңында «Nur Otan» партиясы Алматы облыстық филиалының 2020 жылғы жұмыс қорытындылары, 2021 жылға жоспары және гендерлік саясат туралы» атты тақырыпта өткен брифинг барысында журналистер қауымына ақпарат беріп өтті.Сонымен қатар, Гүлнәр Қожағұлқызы өз сөзінде «сайлау науқаны кезінде партия белсенділері рұқсат алынған ж…