Алматы облысында 14501 түлек ҰБТ тапсырады
Мектеп бітіруші түлектердің алдындағы үлкен сынақ ол-ҰБТ. Биыл Мемлекеттік білім грантын тағайындау конкурсына қатысу үшін Ұлттық бірыңғай тестілеу алғаш рет электрондық форматта 15 сәуір – 30 маусым аралығында өткізілетін болады. Алматы облысында аталған оқу жылында мектеп бітіруші түлек саны 17703 құрап отыр. Олардың ішінде 1671 бітіруші “Алтын белгіге” үміткер, ал үздік атестат алуға 1352 оқушы құлық танытуда. Болжам бойынша 14501 оқушы ҰБТ тапсыруға ниетті. ҰБТ-ның электронды түрде өткізілуінің артықшылықтары сынақ тапсырушы тестілеу күнін өз еркімен таңдай алады.Сонымен қатар тестілеуге 4 сағат уақыт беріледі. Және тапсырмаларды кез-келген пәннен бастай алады. Сондай-ақ берілген уақыт аяқталғанға дейін жауап берілген сұрақтарға қайта оралып, жауаптарды түзетуге мүмкіндігі бар. Талапк…