ТҮЛЕКТЕР КОВОРКИНГ ОРТАЛЫҒЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ
25 мамыр күні ауданымыздағы барлық білім ордаларында соңғы қоңырау салтанаты өтті. Соңғы қоңырау Тереңкөл жалпы орта білім беретін мектебінің ұстаздары мен мектеп бітірген түлектер үшін ерекше күн болды. Атап айтар болсақ, мектеп бітіргендеріне 5, 10, 20, 30, 40 жыл толған түлектер "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында сүйікті білім ордасына əр түрлі тартулар жасады. Жалпы түлектер күшімен 5 жоба жүзеге асты. Соның ішінде мектеп бітіргендеріне 10 жыл болған, 2011 жылы мектеп бітірген түлектер коворкинг орталығын жасақтап, сыйға тартты.Осы бір шағын ғана ауылда кіндік қаны тамып, киелі білім ордасынан түлеп ұшқан түлектер əркез туған жеріне деген сағыныштары мен алғыстарын игі бастама арқылы жеткізуде.Орталықтың ашылу салтанатына қатысқан "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы төрағ…