22. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1 қыркүйек 1948, Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері.Білімі: Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971). Техника ғылымдарының докторы (1998). Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003). 5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.Биографиясы:1971 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы (Гурьев облысы Сарықамыс кенті).1972 жылдан - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтының бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері (ҚазҒЗГБИ, Гурьев қаласы).1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық мө…