22. "ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТТАР"
(1 қыркүйек 1948, Атырау облысы, Теңіз ауданы, Қошалақ ауылы) — Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері.
Білімі: Уфа мұнай институтын кен инженері мамандығы бойынша бітірген (1971). Техника ғылымдарының докторы (1998). Ресей Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі (2003). 5 монографияның, 4 ғылыми есеп берудің, 60-тан астам ғылыми мақаланың авторы. Өнертабысқа 4 авторлық куәлігі бар. Ағылшын және түрік тілдерін меңгерген.
Биографиясы:1971 жылдан - «Ембімұнай» бірлестігінің Прорва бұрғылау кеңсесінде бұрғышының көмекшісі, бұрғышы (Гурьев облысы Сарықамыс кенті).
1972 жылдан - Қазақ геологиялық барлау ғылыми-зерттеу мұнай институтының бұрғылау технологиясы зертханасының аға инженері (ҚазҒЗГБИ, Гурьев қаласы).
1973 жылдан - «Қазмұнайгазбарлау» басқармасында аға инженер, техникалық мөлшерлеу және ЕҒҮ отрядының бастығы (Гурьев қ.).
1978 жылдан - ҚазҒЗГБИ-ның зертхана меңгерушісі, бөлім меңгерушісі, ғылыми жұмыс жөніндегі директорының орынбасары.
1983 жылдан - Кеңес мұнай барлау экспедициясының аға инженері (Аден қаласы, Йемен).
1987 жылдан - ҚазҒЗГБИ-нда зертхана меңгерушісі.
1988 жылдан - Гурьев сынақтық-әдістемелік экспедициясының бас технологы, бастығы.
1991 жылдан - ҚР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі Мұнай және газ басқармасының бастығы.
1993 жылдан - «Қазақтүрікмұнай» ЖШС БК-ның бас директоры; «ҚазМұнайГаз» ҰК ЖАҚ теңіз жобалары жөніндегі бірлескен кәсіпорындардың атқарушы директоры, «Қазақстанмұнайгаз» ҰМК-ның теңіз жобалары жөніндегі атқарушы директоры, «ҚазМұнайТеңіз» ТМК» ЖАҚ-тың бас директоры.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» ЖАҚ БК-нің үлестерін басқару жөніндегі басқарушы директоры.
2003 жылдан - ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігінің бірінші вице-министрі.
2006 жылдан - Қазақстан Республикасының энергетика және минералды ресурстар министрі.
08.2007 - 01.2012 жылдар аралығында - Батыс Қазақстан облысының әкімі.
2012 жылдың қаңтарынан бастап – Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсі V шақырылымдағы депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасының орынбасары. «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланды
2012 жылдың 15 тамыз күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Б.Ізмұхамбетовты Атырау облысынң әкімі ретінде тағайындады
2016 жылғы 25 наурызда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі төрағасы болды.
Б.Ізмұхамбетовке Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2009 жылғы 21 сәуірдегі №13-2 шешімімен "Құрметті азамат" атағы берілген.
