"МЕНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІМНІҢ ТАРИХЫ" ШАРАСЫ
Құрметті Отандастар!Бәрімізге белгілі биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы жылдар ішінде Қазақстан талай асу, сынақтардан, белестерден өтті. Кемел келешекке бағдарламалар құрып, жас еліміз алға қарыштап қадам басты. Әлеуметтік, экономикалық, мәдениет пен өнер, медицина, білім, спорт, инфра құрылым, құрылыс, сәулет, сауда, салалары алға дамып, еліміздің аты әлемге таныла бастады. Күні бүгінге дейін қол жеткізген табыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы беделінің арқасында мүмкін болды. Еліміз алған асулар Елбасының есімімен тығыз байланысты десем, артық айтқандық емес. Жыл сайын Жолдау мен Үндеу жариялап ел алдына, қоғам алдына міндеттер қояды.Былтыр әлемде жайлаған індет кезінде де Қазақстан дер кезінде сақтық шараларын қолдана білді. Ел байлығы адамдардың…


