"МЕНІҢ ТӘУЕЛСІЗДІГІМНІҢ ТАРИХЫ" ШАРАСЫ
Құрметті Отандастар!
Бәрімізге белгілі биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 30 жылдығы. Осы жылдар ішінде Қазақстан талай асу, сынақтардан, белестерден өтті. Кемел келешекке бағдарламалар құрып, жас еліміз алға қарыштап қадам басты. Әлеуметтік, экономикалық, мәдениет пен өнер, медицина, білім, спорт, инфра құрылым, құрылыс, сәулет, сауда, салалары алға дамып, еліміздің аты әлемге таныла бастады. Күні бүгінге дейін қол жеткізген табыстар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғарғы беделінің арқасында мүмкін болды. Еліміз алған асулар Елбасының есімімен тығыз байланысты десем, артық айтқандық емес. Жыл сайын Жолдау мен Үндеу жариялап ел алдына, қоғам алдына міндеттер қояды.
Былтыр әлемде жайлаған індет кезінде де Қазақстан дер кезінде сақтық шараларын қолдана білді. Ел байлығы адамдардың денсаулығы мен өмірін сақтап қалуда алғашқы болып қадам жасап, үкімет қомақты қаржы бөлді. Әр қазақстандыққа жіті көңіл бөлініп, еліміздің патриот жастарынан, еріктілерден топтар құрылып, өз қызметтерін бастап кеткен еді. Қайырымдылық, мейірімділік акциялары ұйымдастырылып, былтырғы жыл Еріктілер жылы болып жарияланды. Сол еріктілер қатарында менде бармын. Ауылдағы аз қамтылған, толық емес, асыраушысы жоқ, көп балалы отбасыларға бар қолдан келген көмекті аяған жоқпыз. Бұл игі бастамаға ауылдық кәсіпкерлер, жастар, мекеме қызметкерлері қызу атсалысты. Сол еңбектің негізінде, Мен 2020 жылы қарашада ауылдастардың қолдауымен "Халық алғысы" медаліне ие болдым. Бұл марапатты алу мен үшін үлкен мәртебе. Алдағы уақытта да бойымдағы бар күш жігерімізді ауылға арнаймын. Тәңірден келген тәтті сый Тәуелсіздігіміз тұғырлы, Елбасымыз ғұмырлы болсын!
Мереке құтты болсын!
Нұрбол Өтеғалиев. Бисен ауылы
#Qazaqstan30
#MeninQazaqstanym
