«КӨПШІЛІКТІҢ КӨҢІЛІНЕН ШЫҒАТЫН КӨШБАСШЫ БОЛҒАНЫ ЕЛ ҮШІН ҰТЫМДЫ»
Исатай ҚҰРМАШЕВ, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының І орынбасары:📷«Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимылы кезеңі» атты былтырғы Жолдауында Президентіміз ауылдық округ әкімдерін тұрғылықты халық сайлауы қажеттілігін айтқан болатын. Содан бері осы сайлауды рәсімдеу, заңдастыру амалдары қолға алынып, әкімдер сайлауға ұсынылып, қазіргі таңда үгіт-насихат жұмыстары басталып кетті. Еске сала келелік, бұрын ауыл әкімдерін мәслихат депутаттары сайлаған еді. Жұртшылық үшін жаңалық болған бұл сайлау туралы мәліметті «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Исатай Құрмашевтан білген едік. Ендеше сіз де біле отырыңыз.–Жергілікті халықтың өз көшбасшысын өздері таңдауы дұрыс деп ойламын. Сондықтан ауыл әкімдерін сайлауды орынды шешім деп білемін. Ауылдық округ әк…
