Петропавлда адамдарды қаңғыбас иттерден қорғау мәселесі талқыланды

Петропавлда қаңғыбас иттердің адамдарға шабуыл жасауы жиілеп кетті. Зардап шеккендер арасында балалар да бар. Азаматтардың қаңғыбас жануарлардан қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды уақытша ұстауға арналған орын салу туралы мәселелер «AMANAT» партиясының СҚОФ жанындағы өңірлік даму кеңесінің отырысында көтерілді.






