МҰХТАР ӘУЕЗОВТІҢ ДҮНИЕГЕ КЕЛГЕНІНЕ - 125 ЖЫЛ
Қазақтың ұлы жазушысы, ғұлама ғалым, қоғам қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі Мұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай әдеби-танымдық кеш өтті. Мақсаты — әлем таныған ұлы жазушының шығармашылығын талдау, өскелең ұрпаққа насихаттау.Мұхтар Әуезов әлемi дейтiн кең дүниенің жаратылысы мен табиғатын екі сөзбен қайырып айту мүмкін емес. Оны терең танып, жан-жақты талдау – әр дәуір, әр ұрпақтың киелі мiндеті.Әуезов әлемi көзге көрiнбейтiн ғажайып ұлы сиқырымен, құдiретiмен ұлттық рух тәуелсiздiгiн қорғауға, сақтауға үйретедi! Келер ғасырда да кемелдене беретiн кемеңгер.Кемеңгер жазушының шығармашылық мұрасы алуан түрлі және кең ауқымды. Мұхтар Әуезовтің мерейтойына орай ұйымдастырылған әдеби-сазды кеште ауыл тұрғындары заңғар жазу…
