Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

Өрле ауылым

«AMANAT» партиясы Қаратөбе аудандық филиалының ұйымдастырумен "Өрле ауылым" жобасы аясында, ауданға қарасты Саралжын, Сәуле ауылының жұртшылығымен кездестік. Шараның мақсаты елді мекен тұрғындарына дәрігерлік көмек көрсету, заңгерлік көмек, әлеуметтік мамандар, жастар түрлі бағыттағы бағдарламаларды халыққа жеткізу. Алдымен партияластарымызбен бірге үш жүзге ән оздырған Мұхит бабамыздың басына барып тағзым еттік. Мұхит бабамызды білмейтін қазақ кем де кем. Алашқа аты мәлім бабамыздын кесенесінде аудандық маслихат хатшысы Нұрлан Құмарұлы ол кісінің өмір баяны,әндерінің шығу тарихы туралы түсіндіріп берді. Одан әрмен қарай негізгі шарамыз аудандық мәдениет үйінде тұрғындармен кездесуден басталды. Кездесуді

«АМАNАТ» партиясының аудандық филиалының атқарушы хатшысы Абат Зейнуллин ашып, келу мақсатын жобаға қатысушы мамандар мен қонақтарды таныстырды. Сонымен бірге Елордамыз Астана қаласында 6 қазанда өткен партияның кезектен тыс сиезьді туралы әңгімелеп берді. Шарада аудандық маслихат хатшысы Меңдешов Нұрлан Құмарұлы құттықтау сөз сөйлеп алдағы келе жатқан саяси науқан туралы оның мемлекетіміз үшін маңыздылығына тоқталып айналамыздағы геосаяси ахуал туралы жұршылықпен пікірлесті. Кездесуден кейін келушілерді аудандық балалар дәрігері медицина саласының үздігі, Құрмет орденінің иегері Өтеғалиев Мақсот Мырзаханұлы, дәрігер анколог жоғары санатты медицина саласының үздігі Аққу Оңғарқызы, жас маман терапевт Гумарова Гүлден Ғабиденқызы қаралуышыларға кеңес беріп медицина саласындағы кейбір мәселелер туралы халықты хабардар қылды. Аудандық ардагерлер кеңесінің және қоғамдық кеңес төрағасы Қыдырашев Рамазан Зейнеденұлы, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталық басшысы Нүркен Азамат, психолог Динара Қайырлықызы, заңгер Сандуғаш Абайқызы, Қаратөбе ауданың полция бөлімінің бірінші орынбасары Майранов Тимур Нурболатұлына тұрғындар өз сұрақтарын қойып партияның бастамасына ризашылықтарын білдірді.

Amanat партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Кенесары Нұрша

0
0
214

Еще по теме

Өрле ауылым - Yvision.kz