Бектау Ата Балқаш қаласынан шамамен 70 шақырым қашықтықта орналасқан. Екатеринбург-Алматы, дәлірек айтсақ, Қарағанды-Балқаш трассаның бойында, біз Балқаш қаласы тарапынан кері қайтқан кезде бардық. Оған жеткенше шамамен 10 шақырымдай дала жолымен (грунт жолы) жүрдік. Меніңше, Бектау Атаны өзгеше оазис деп атауға болар. Бектау Атаның аумағы шағын болғанмен (ұзындығы 15 км, ені 15 км) флорасы мен фаунасы өзгеше екені бірден білінеді. Әрине, Баянауыл мен Қарқаралы сияқты қалың орман болмағанымен, тоғайы жаман емес, әрі мұнда арқарларды да көруге болады. Өйткені, Бектау Атаның ең биік жартасы 1215 метрге дейін жетеді. Жалпы, біз Бектау Ата деп атағанымызбен, бұл бірнеше тау қыратынан тұратын аумақ. Жаңылмасам тоғыз тау массивінен тұрады. Жанында, кезінде пионер лагері болған екен, ал, біз ауы…