Алматылықтар мегаполис кітапханаларда шетел тілдерін тегін үйреніп жатыр
Алматы кітапханаларында түрік, ағылшын, неміс, француз және қытай тілдерін тегін оқып үйренуге болады. Мұндай ерекше мүмкіндікке кітап әлемінің әуесқойлары - балалар да, ересектер де ие. Тіл үйренуге ниет білдіргендерге сабақты университет оқытушылары, елшілік өкілдері мен еріктілер жүргізеді. Мәдениет басқармасы қала кітапханалары кітап оқуға деген қызығушылықты ояту және келушілердің танымдық іс-әрекетін ынталандыру үшін белсенді жұмыс істеп жатқанын атап өтті.«Біз қоғамның жан-жақты дамуына және мәдениетаралық түсіністікті нығайтуға ықпал ететін шығармашылық бастамаларды белсенді қолдаймыз. Мамандар оқырмандар үшін әдеби викториналар, авторлармен кездесулер, түрлі тақырыптық байқаулар өткізіп қана қоймай, кітап және тіл үйірмелерін ұйымдастырып жүр. Айта кетерлігі, 4000-ға жуық адам ше…

















