«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының I отырысы өтті
«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының I отырысына қатысушылар Әділетті Қазақстанды құру ісіндегі әйелдер рөлін талқылады.«AMANAT» партиясы әйелдер қанатының I отырысына өңірлерден келген 100-ден астам белсенді әйел қатысты. Олар екі күн бойы әйелдердің мемлекеттің қоғамдық-саяси өміріне қатысу аясын кеңейту, кәсіпкер әйелдерді қолдау және инклюзивті қоғамды дамыту мәселелерін талқылады.Сөз басында Мәжіліс Спикері, «AMANAT» Төрағасы Ерлан Қошанов гендерлік теңдікті қамтамасыз ету, әйелдердің құқығын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту мәселесі әрқашан Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың назарында екенін атап өтті.«Әйелдер қанаты өз жұмысын бастағаннан кейін гендерлік мәселелер биік мінберден жиі айтыла бастайды. Біз белсенді әйелдердің басын қосып қана қоймай, шешім қабылдауға жә…