Кітапханаға сыйлық = Подарок для библиотеки
Гүлнар Жандыбаевадан Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасына қазақ және орыс тілдеріндегі тамаша балалар кітаптары сыйға келді.Гүлнар Жандыбаева — қазақстандық жазушы, жиырмадан астам әдеби жобаның авторы, шығармалары қазақ және ағылшын тілдеріне аударылған. Балаларға, жасөспірімдерге және ересектерге арнап жазады; әңгіме, повесть, ертегі, фэнтези, өлең жанрларында қалам тербейді.





