Бердібек Соқпақбаев шығармаларын дәріптеу
Балалар әдебиеті жайлы сөз қозғалса бірден Бердібек Соқпақбаев ойға келері анық. Өшпес мол мұра қалдырған жазушының ең танымал шығармасы «Балалық шаққа саяхат» повесті. Аталмыш шығарманың ерекшелігі автор кейіпкерлерді, яғни өз туыстарын шынайы сипаттап жазған. Әкесіне, шешесіне жеке-жеке тоқтала отырып, өмірде қалай бар солай бейнелеуі жазушының өзгелерден ерекше тұсы деуге болады. Көбіне әспеттеп, әрлеп жазуға тырысады ғой. Ал бердібек Соқпақбаев болса қарымды қаламынан шынайы кейіпкер бейнесін шығаруды мақсат еткен болса керек. Шығармаларының шымыр болуы да асыра сілтеусіз жазғандықтан деген ой түйдім.Повесть 1960 жылы кітап болып шығып, 1965 жылы кино ретінде көрерменге жол тартты. Ең әсерлі тұсы диалог дер едім. Өйткені, шығармадағы диалогтар балғын балалық шақтың әсерлі тұстарын өне…

