Мен қалаған мамандық
Мен қазіргі таңда, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің журналистика факультетінде білім алып жатырмын. Дәл осы сәтте, армандар орындаларына тағы бір көзім жетті. Себебі, мен оқып жатқан оқу орны мен бұл мамандық менің бала кезгі арманым. Бұл салаға деген махаббат универ табалдырығын аттаған сәттен бастап арта түсті. Қандай сала десеңіздер… Бұл -PR
Ал, ендеше мен сіздермен көпшілікке жат естілетін PR саласының плюс жақтарымен бөлісе кетейін:
- PR - ең креативті және мықты идеяларға толы сала;
- PR - заман ағымына сай, табыс көзі жоғары мамандық;
- PR - кез-келген компанияға ауадай қажет;
- PR - халық пен билік арасындағы алтын көпір;
- PR - трендтен қалмайтын, нағыз болашақтың мамандығы;
- PR - жасаған әр жұмысыңнан шабыт пен ләззат алу;
- PR - мүмкіндіктен мекені
Міне, PR саласының осыншалықты пайдасы бар екенін білгенде, менде өкініш сезімі мүлдем болмады. Себебі, мен таңдаған сала XXI ғасырда өз орнын ешқашан жоғалтпайды. Мен бұл сала арқылы бизнесте де, мемлекеттік мекемеде де және банк, кез-келген компания да өз орнымды таба аламын. Ең бастысы, менің өз мамандығыма деген талпынысым шарықтау шегінде және менің бұл салаға деген махаббатым ерекше.