Қостанайда Ыбырай Алтынсарин атындағы VI республикалық байқаудың жеңімпаздары марапатталды
Балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік әдеби шығармаға арналған Ыбырай Алтынсарин атындағы VI республикалық байқаудың қорытындысы шығарылды. Алты жылдан бері байқау қазақстандық балалар әдебиетіндегі жаңа есімдерді танытып, еліміздің әртүрлі өңірлерінен келген талантты авторларды біріктіріп келеді. Осы уақыт ішінде жас оқырмандарға арналған ертегілер, әңгімелер, повестер мен фантастикалық шығармаларды қамтитын 137 қолжазба қазылар алқасының назарына ұсынылды. VI байқаудың жеңімпаздары: «Қазақ тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясы бойынша (Павлодар қаласы) Бейбіт Бөжен «Арлан блогер» шығармасымен жеңімпаз атанды. «Орыс тіліндегі балалар мен жасөспірімдерге арналған үздік шығарма» номинациясы бойынша Көкшетау қаласынан Наталья Геннадьевна Яковлева «По…


