Бірге жеңіске жету! Шығыс Қазақстанда «Тең мүмкіндіктер» фестивалі өтті
Мұнда балалар «ерекше» және «қарапайым» болып бөлінбейді. Мұнда бәрі – бір команда. Олар бір-бірінің жетістігіне қуанады, қиындықтарды бірге еңсереді және шынайы күштің қолдау мен бірлікте екенін дәлелдейді!Өскемен қаласында «Әділет» партиясының бастамасымен «Тең мүмкіндіктер» инклюзивті спорт фестивалінің облыстық кезеңі өтті.17 команда, ондаған жас спортшы және бір ортақ мақсат – спорттың баршаға қолжетімді екенін көрсету!Шығыс Қазақстанның қалалары мен аудандарынан келген қатысушылар спорт алаңында бас қосып, бочча, жеңіл атлетика және «Көңілді старттар» бойынша бақ сынады.Алайда бұл жерде секунд, ұпай мен медаль басты орында болған жоқ. Ең маңыздысы – жанынан табылу, көмек қолын созу, жолдасын қолдау және нәтижеге бірге ұмтылу.Фестивальдің ерекшелігі де осында: ерекше білім беру қажет…


