ҚазҰУ ым мәртебең биік, даңқың мәлім баршаға!!!
Алаш елі,қазақ елі неткен сұлу, әрі көркем жерлерге бай десеңші... Оның көптеген әсем қалаларына тамсана, қызыға қараймыз. Сол бір қазағымның жерлері керемет сұлулыққа бай. Әрбір қаланы, ауданды, ауылды, қазағымның қандай жерін болсын мен қатты-қатты жақсы көремін. Ал ерекше атап өтетінім-ғажайып сырға толы қала -Алматы қаласы. Алғаш құлпырған Алатаудың төріне 2012 жылдың жазында университетке құжаттар тапсыру үшін келген болатынмын. Келген мезетте мен гүлденген қаланы, жап-жасыл болып жайнаған ағаштарды, үйір болған машиналарды көріп ғажап күйге ендім.Ех, мені тамсандырған Алматы.... Сөйтсем бұл тек қана бастамасы екен. Автобусқа отырып, Темирязова көшесінде орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне де келіп жеттім. Автобустан түсе сала, үлкен қаланың ішіндегі , жастар қа…