Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

ҚазҰУ ым мәртебең биік, даңқың мәлім баршаға!!!

Алаш елі,қазақ елі неткен сұлу, әрі көркем жерлерге бай десеңші... Оның көптеген әсем қалаларына тамсана, қызыға қараймыз. Сол бір қазағымның жерлері керемет сұлулыққа бай. Әрбір қаланы, ауданды, ауылды, қазағымның қандай жерін болсын мен қатты-қатты жақсы көремін. Ал ерекше атап өтетінім-ғажайып сырға толы қала -Алматы қаласы. Алғаш құлпырған Алатаудың төріне 2012 жылдың жазында университетке құжаттар тапсыру үшін келген болатынмын. Келген мезетте мен гүлденген қаланы, жап-жасыл болып жайнаған ағаштарды, үйір болған машиналарды көріп ғажап күйге ендім.Ех, мені тамсандырған Алматы.... Сөйтсем бұл тек қана бастамасы екен. Автобусқа отырып, Темирязова көшесінде орналасқан Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетіне де келіп жеттім. Автобустан түсе сала, үлкен қаланың ішіндегі , жастар қалашығын көрдім. Сол кездегі таң қалған сезімімді жеткізе де алмаймын.Өйткені ол қайталанбас, ғажап бір күй болатын. Қара шаңырақтың қоластына жиылған жиырма мыңға жуық ізденушінің талабын тауға қарай домалатар жағдайдың барлығы да жасалған. Әрине мұны ғажайып әлем десе де болар, ең бастысы талай бала кыранның қанатын ұштап, қияға самғатқан студенттер сарайы, тарихы терінде жатқан ҚазҰУ-ды бір сәтке көз алдына елестететін жеке мұражай, заман талабына сай жабдықталған үш жүз адамдық интернет орталығы тағысын тағылар, айта берсең толып жатыр. Шынында да, арман боларлықтай атына заты сай әсем қалашық менің жүрегімді бірден жаулап алды. Өз білімі мен дарынына сенетін көңілді де ізденімпаз жастардың ордасы екені көзге көрініп-ақ тұр, мен өзімнің осы күннен бастап жаңа өмірге араласа бастағанымды сезіндім. Осылайша менің студенттік өмірім басталып та кетті...
Студенттік шақ деген әлдебір романнан немесе әлдебір ауызекі әңгімелерден естіп жүрген қызықты да байыпты шаққа еніп, тағы бір қадамымызды жасадық. Алматыдай үлкен қалаға келіп жалғызсырау, бөтенсіну деген жағымсыз әсер атымен жоқ. Сіз білсеңіз, ондай ой оқу ордасына, киелі шаңыраққа қадам басқан сәттен бастап-ақ жоқ болады. Себебі жаңа таныс болған үзеңгілес достардың, білім деп азуын айға білеген жалынды жастардың ортасында тек қана жаңа дем пайда болғандай еді.
ҚазҰУ қалашығына қадам басқалы бері көптеген ұйымдар мен белсенді жастардың қызықты өміріне ат салысып, менде араласа бастадым. Университетімізде көптеген ұйымадар бар екенін ести, көре-біле, мен сол сан мыңдаған ұйымның ішінде, ерекше көңіліме жақын болған "Сұңқар" студенттер кәсіподағын таңдадым. "Сұңқар" бірліктің, жан жылуының, көздерінде жалыны бар жастардың, болашақ елдің тірегі болар патриот көшбасшылар ортасы.
Мен еліміздің көшбасшы жоғарғы оқу орнында оқып жатқаныма өте қатты қуаныштымын. Қайда жүрсем де, мен ҚазҰУ-ымды мақтан тұтып, қадірлеймін. ҚазҰУ болашаққа нық қадам бастырар саналы ғұмырдың бір айғағы іспетті.

Алматының төрінде орын алған ҚазҰУ-ым
Білім нәрін сыйлаған сенсің менің ҚазҰУ-ым
Өзге елді қызықтырған бір шама
Білімді жастар шыққан қаншама
ҚазҰУ ым мәртебең биік, даңқың мәлім баршаға!!!

3
0
689

Осы тақырып бойынша

ҚазҰУ ым мәртебең биік, даңқың мәлім баршаға!!! - Yvision.kz