Алматы технологиялық университетінде «Абай жылы» бастау алды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы жылы Абай Құнанбаевтың 175-жылдық мерейтойын бүкіл ел болып, жоғары деңгейде атап өту туралы Жарлығы шыққан болатын. Осыған орай, Алматы технологиялық университетінде де тәлім-тәрбиелік мәні зор көптеген мәдени-көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру жоспарланып отыр. Ұлы ақынның туған күніне арналған «Абай-дана, Абай-дара» атты білім ордамыздағы алғашқы салтанатты кеш өтті. Аталмыш шараның мақсаты – қазақтың бас ақыны, ағартушы, философтың әдеби мұрасын сақтау және өскелең ұрпаққа насихаттау болып табылады. Кеш шымылдығы Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнімен ашылды. Ал сөз кезегі бірінші болып тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректор – Қалтай Батхолдинға берілді. Өз сөзінде ол Абай шығармашылығы әр уақытта да өзекті болып қалатын…