Халық қалаулысы аудан ардагерлерімен жүздесті
Бүгін жұмыс барысымен ауданымызға Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мәлік Құлшар келді. Туған жері Жәнібек ауданына арнайы ат басын бұрған депутатты аудан әкімі Азамат Сафималиев пен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев қарсы алды. Мәлік Иманқұлұлы ең алдымен ардагерлер үйіне тоқтап, қарттар мен ардагерлер үйі кеңесінің мүшелерімен кездесу өткізді.Мәлік Құлшар қаңтар оқиғасынан кейінгі елдің хал-ахуалы мен президент Қ.Ж.Тоқаевтың тапсырмасының орындалуы жөнінде баяндама жасады. Жиын барысында алғаш сөз алған аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев депутатқа соғыс кезінде тылда еңбек еткен ардагерлерге «соғыс ардагері» статусын беру жөнінде және ауданның әлеуметтік жағдайы, суды пайдалану ресурсы жөнінд…










