Қыс мезгілінде жолдардың ұстап-күтілуі жұмысымен танысты.
«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Біржан Қуанәлиев, партия жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Мейранбек Ибатов қыс мезгілінде жолдардың ұстап-күтілуі жұмысымен танысты. Танысу барысында аудандық тұрғын үй,коммуналдық шаруашылық және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Жаналиев техниканың жағдайымен, қысқа дайындығы жөнінде қысқаша баяндап берді. Мекемеде 2 трактор К-700, 1 трактор Т-150, 2 автогрейдер, 1 кешенді-жол және 1 патрульдік машиналары пайдаланылады. Қыс мезгілінде жолға шашатын инертті материал дайындап қойған. Мекеме басшысының қысқыға толықтай дайын екенін атап айтты.







