Қызылордалық үздік түлектерге медициналық университеттерге грант бөлінеді
Медицина қызметкерлерінің күні - бұл мереке барлық ғұмырын алғысқа лайықты істерге – өзге адамдардың денсаулығы мен өмірлеріне қамқор болуға арнаған жандардың еңбектері еленетін күн.Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2003 жылғы 15 қарашадағы Жарлығына сәйкес, елімізде жыл сайын медицина қызметкерлерінің күні тойланады. Қазақстанда бірнеше жылдан бері маусым айының үшінші жексенбісі ақ халатты абзал жандардың төл мерекесі ретінде аталып өтіп келеді. Биыл бұл күн 17 маусымға сәйкес келіп тұр.Сырқатына ем, жанына дәру іздегендер дәрігердің көмегіне жүгінері хақ. Бұл мереке - жаны қиналғанға жанашыр болып, дауа іздегеннің көңіліне демеу болған жандардың ерен еңбегі бағаланатын күн. Бағалау, марапаттау, құрметтеу бір күнмен тоқтамаса керек. Өйткені, олар тәулік бойы, жылына 365…