“Work and Travel” – менің тәжірибем
«Work and Travel USA» - ең танымал халықаралық студенттік бағдарлама, ол сізге АҚШ-та бірнеше айлар бойы қызмет көрсету саласында жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін әлемнің түкпір-түкпірінен мыңдаған студенттер осы ерекше бағдарламамен АҚШ-қа сапар шегеді. Бүгінде бағдарлама 40-тан аса елде өте танымал болып келеді. Бұл – америкалықтардың тұрмыс-тіршілігі, мәдениетімен танысып, шетелден тәжірибе жинақтап, Американы көріп, ағылшын тілін жетілдіргісі келетін студенттерге арналып құрылған теңдесіз халықаралық байланыс бағдарламасы. Оның үстіне сәті түссе, жастарға қомақты қаржы табудың көзі. Бұл бағдарламаға 2019 жылдың жазында қатысқан болатынмын. Шетелге барып, жұмыс істеу сәті болады деп еш армандаған емеспін. Достарым баратын болғандықтан, маған "ағылшын…