Иіскейін тек қана, тиіспейін
Жақсы адам хош иісті гүл сияқты. Хош иісінен бөліп бере алмаса да, оның біразы сізге де жұғады. Жаныңызда қандай адам жүр? Оны тереңірек білгіңіз келсе, бір реттік жасаған деміңіз жеткілікті. Өзім әтірге аса қызықпасам да, иісі бұрқырап жүретіндерге қызығып, иіссу психологиясын қазбалаған едім. Сонымен... 1. Шығыс иісі. Нәзік те жеңіл иісті шығыс әтірлерін ұнататын әйел өзі таңдаған ер азаматтың өмірін жарқын түстерге толтыруға құштар. Алайда, бұл құштарлық ер адамның тұрақтылығы пен еркіндігін сыйлайтын қаржылық тәуелсіздігіне нұқсан келтірмейді. Мұндай әйелдер қызба, албырт әрекеттерге бейім. Басқа түскен істі жан-жақты талқылап, жеті рет өлшеп бір рет кесуге дайын тұрып, табан астында келген ашудан күрт өзгеруі ғажап емес. Олардың түйсігі жақсы дамығанмен, ішкі жан дүниесінің не дейтін…