Мазмұнға өту
yuliya1987

yuliya1987

Сайтта 2015 ж. 9 қаңтар

Пайдаланушы әзірге өзі туралы ештеңе жазбаған.

рейтинг

100

жазбалар

42

пікірлер

5

тіркелуші

1

жазылымдар

8

Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясы Маңғыстау обылысы абоненттеріне қызметтерді тегін қосу туралы хабарлайды

Маңғыстау дирекциясы ү.ж. 05 қантары мен 31 желтоқсаны аралығында жеке тұлғаларға Megaline Hit Optima тарифтік жоспарын қоспағанда (50% жеңілдік) Интернет желісіне кең жолақты қатынау қызметіне және абоненнтер клиенттік жабдықты өздері сатып алса, iD Phone қызметтері топтамасына тегін қосылу ұсынылатындығын хабарлайды.

Ауылдық жерлердегі жеке тұлғаларға екінші номер және кейінгі абонент терминалдарын берумен телефон желісіне тегін қосылу қарастырылған.

Толық ақпаратты алу үшін 160 телефонына (қоңырау тегін) немесе өзіңіздің елді мекендегі сервис желісі пункттеріне хабарласуға болады.

1
0
630

Маңғыстау дирекциясы қызметтер топтамасы қатарын тегін қосуды ұсынады

Маңғыстау дирекциясы ү.ж. 05 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында жеке тұлғаларға "Екі есе тиімді", "Үш есе тиімді", "iD Home", "iD Home TV", "Double Play Mobile", «Сенің Қазақстан Mobile», «Сенің Қазақстан TV Mobile», ID Phone Mobile", "Triple Play Mobile", "Quadro Play Mobile" қызметтер топтамаларына қосылу тегін жүргізілетіндігін мәлімдейді.

Толық ақпаратты алу үшін 160 телефонына (қоңырау тегін) немесе өзіңіздің елді мекендегі сервис желісі пункттеріне хабарласуға болады.

Анықтамалық хабарлама:

Бұл топтамаларға Интернет желісіне кең жолақты қатынау, цифрлық телевидение, SIP-телефония, 4G мобильдік интернет пен Flat Rate топтамасы (Қазақстан бойынша лимитсіз қоңыраулар) қызметтері кіреді.

1
0
512

Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы «Сәттілігіңді жіберіп алма!» акциясы бойынша жеңімпазға теледидар сыйлады

Маңғыстау дирекциясында "Сәттілігіңді жіберіп алма!" акциясы 3-кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаз марапатталды. Ақтау қаласындағы Маңғыстау дирекциясында 2015 жылдың 30 қаңтарында "Сәттілігіңді жіберіп алма!" акциясы 3-кезеңінің қорытындысы бойынша сыйлық өз жеңімпазына табысталды. Теледидардың бақытты иегері 2014 жылдың желтоқсанында отбасы үшін шектеусіз сөйлесу, Интернет және теледидар қызметтер топтамасын қосқан Ақтау қаласының тұрғыны Зайна Темірқанова болды. "Мұндай жағымды тосын оқиғадан, отбасымның бағалы сыйлық - теледидар ұтып алғанына сене алар емеспін! Осындай акциялар мен сыйлықтар үшін "Қазақтелекомға" үлкен рахмет",- деп ой бөлісті Зайна. Аталған топтамалық қызметтер абоненттерге отбасы бюджетін анағұрлым үнемдеуге әрі заманауи байланыс қызметтерін пайдалануға мүмкіндік…

0
0
391

Маңғыстау ОТД шағын-футбол командасы Ақтау қаласындағы футзал жөніндегі чемпионаттың 1 турында 1 орын алды

Салауатты өмір салтын ұстау және бұқаралық спортты дәріптеу мақсатында Ақтау қаласындағы футзал бойынша қала командалары арасында чемпионат басталды.

2012-2014 жылдар аралығында 3 жыл бойына «Қазақтелеком» АҚ Батыс аймақтық филиалдары арасында үш дүркін  чемпион болған Маңғыстау командасы Ақтау қаласындағы футзал жөніндегі чемпионатқа белсенді қатысып келеді. Бірінші лиганың бірінші турының қорытындысы бойынша байланысшылар командасы бірінші орынды иеленді.

Команда құрамына Маңғыстау ОТД Іс басқарушысы директоры Е. Шамдығу және «Жастелеком» жастар ұйымының белсенді жастары М. Тәкенов, Б. Шуақбаев, А. Мұстажаев, Б. Ерманов, К. Хожантаев, Н. Сүйіпов, О. Досмұхамедов кіреді.

 

Маңғыстау дирекциясы өзінің қызметкерлерін құттықтайды.

1
0
481

«Маңғыстау ОТД „Ата-ана бақылауы“ жаңа қызметін ұсынады»

"Маңғыстау облыстық телекоммуникация дирекциясы «iD Net» және  «Megaline» қызметін пайдаланушылар үшін "Ата-ана бақылауы" жаңа іске қосты.

Жаңа қызмет Интернет желісіндегі жағымсыз контенттердің тізбесін әзірлеуге бағытталған. Қауіпсіздік деңгейі жасты есепке ала отырып қойылады: 7 жасқа дейін – жоғары деңгейлі шектелім; 7 жастан 12 жасқа дейін – орта деңгейлі шектелім; 12 жастан жоғары – төмен деңгейлі шектелім. Сервис бағдарламалық жасақтаманы орнатуды және теңшеуді талап етпейді.

Қызметті http://www.cabinet.idport.kz жеке кабинетінде қосуға, қосымша ақпаратты www.telecom.kz сайтынан алуға, Маңғыстау ОТД сервис желісі пунктілерінен немесе 160 нөмірі арқылы алуға болады. Қоңырау тегін.

0
0
362

«Маңғыстау ОТД „Әмбебап нөмір“ қызметі бойынша акция жеңімпа

05.01.2015 ж.                                                                                                  Ақтау қ.

"Ақтау" сауда және ойын-сауық кешенінде 2014 жылдың 27 қарашасы мен  26 желтоқсаны аралығында "Әмбебап нөмір" қызметін қосқан абоненттер арасында сыйлықтар ұтысы өткізілді.

Бас жүлдеге тігілген планшеттің иегері Марат Қабаев атанды, сондай-ақ, бағалы сыйлықтарды Светлана Хоменко мен Ерлан Жанмұлдаев ұтып алды. "Бүгінгі сыйлықтар ұтысына бара жатқанда, мен бас жүлдені ұтып аламын деп ойламаған едім! Бүгін "Қазақтелеком" мені қатты қуантты. Менің отбасым үшін керемет жаңа жылдық сыйлық!",- деп Марат Қабаев өз қуанышымен бөлісті.

"Қазақтелеком" АҚ "Әмбебап нөмір" қызметі - бұл қала және ұялы нөмірді 1 сим-картаға біріктірген  қазақстандық байланыс нарығындағы ұтымды ұсыныс.

0
0
457

Маңғыстау ОТД «Қазақтелеком» АҚ — 2014 қызметтерді жылжытудағы үздік мобильді топ» байқауының жеңімпазы атанды

Маңғыстау ОТД коммерциялық блоктың қызметкерлері "Қазақтелеком" АҚ - 2014 қызметтерді жылжытудағы мобильді топтардың арасындағы байқаудың үшінші кезеңінің қорытындысы бойынша бірінші орын алды.

Байқау 2014 жылдың 01 сәуірінен бастап 30 қарашасы аралығында өткізілді. Жеңімпаз атану үшін iD Net қызметі абоненттері арасында iD TV қызметінің премиум-сервис және топтамалық шешімі бойынша қажетті мақсатты көрсеткіштерге жету керек болды.

Қорытынды кезеңде "Қазақтелеком" АҚ филиалдарынан 170 мобилді топтың мүшелері бақ сынады. Нәтижесінде "Қазақтелеком" АҚ басшылығының атынан жеңіс және 10 планшет Маңғыстау ОТД-ға жіберілді, "күміс" Ақмола ОТД қызметкерлеріне бұйырса, үшінші орынды Қостанай ОТД мобильді топтары жеңіп алды.

0
0
657

«Үлкен жарыс» бәйгесінде Маңғыстау ОТД бірінші орынға ие болды

Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы компания филиалдарының арасында, заңды тұлғаларға қызмет көрсететін сервистік бөлімше қызметкерлерінің арасында өткен "Үлкен жарыс" бәйгесіндегі 3 кезеңнің қорытындысы бойынша ең үздік деп танылды. 2014.27.03 №103 бұйрыққа сәйкес, 2014 ж. 01 сәуірден бастап коммерциялық блок қызметкерлерінің арасында "Үлкен жарыс" бәйгесі өткізілді. Акция 2014 жылғы 30 қарашаға дейін ұзартылып, оған филиалдардың екі жүзден астам қызметкерлері қатысты. Бәйгенің негізгі мақсаты коммерциялық блок қызметкерлерінің телекоммуникация қызметтерін сату барысындағы кәсіпқойлық деңгейі мен уәждемесін арттыру болып табылады. Бәйгенің қорытындысы бойынша Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан ОТД-лары жеңімпаз атанды. 3-кезең жеңімпаздары тұрмыстық техника алуға 10 жүл…

0
0
242