Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Үлкен жарыс» бәйгесінде Маңғыстау ОТД бірінші орынға ие болды

Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы  компания филиалдарының арасында, заңды тұлғаларға қызмет көрсететін сервистік бөлімше қызметкерлерінің арасында өткен "Үлкен жарыс" бәйгесіндегі 3 кезеңнің қорытындысы бойынша  ең үздік деп танылды.

2014.27.03  №103 бұйрыққа сәйкес, 2014 ж. 01 сәуірден бастап коммерциялық блок қызметкерлерінің арасында  "Үлкен жарыс" бәйгесі өткізілді. Акция 2014 жылғы 30 қарашаға дейін ұзартылып, оған филиалдардың екі жүзден астам қызметкерлері қатысты. Бәйгенің негізгі мақсаты коммерциялық блок қызметкерлерінің телекоммуникация қызметтерін сату барысындағы кәсіпқойлық деңгейі мен уәждемесін арттыру болып табылады.

Бәйгенің қорытындысы бойынша Маңғыстау, Атырау және Батыс Қазақстан ОТД-лары жеңімпаз атанды. 3-кезең жеңімпаздары тұрмыстық техника алуға 10 жүлделі сертификатқа ие болды.

 

Маңғыстау ОТД сервистік бөлімше қызметкерлерін құттықтайды.

 
0
0
243

Осы тақырып бойынша

«Үлкен жарыс» бәйгесінде Маңғыстау ОТД бірінші орынға ие болды - Yvision.kz