Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Маңғыстау облыстық телекоммуникациялар дирекциясы «Сәттілігіңді жіберіп алма!» акциясы бойынша жеңімпазға теледидар сыйлады

Маңғыстау дирекциясында "Сәттілігіңді жіберіп алма!" акциясы 3-кезеңінің қорытындысы бойынша жеңімпаз марапатталды.

Ақтау қаласындағы Маңғыстау дирекциясында 2015 жылдың 30 қаңтарында "Сәттілігіңді жіберіп алма!" акциясы 3-кезеңінің қорытындысы бойынша сыйлық өз жеңімпазына табысталды. Теледидардың бақытты иегері 2014 жылдың желтоқсанында отбасы үшін шектеусіз сөйлесу, Интернет және теледидар қызметтер топтамасын қосқан Ақтау қаласының тұрғыны Зайна Темірқанова болды. "Мұндай жағымды тосын оқиғадан, отбасымның бағалы сыйлық - теледидар ұтып алғанына сене алар емеспін! Осындай акциялар мен сыйлықтар үшін "Қазақтелекомға" үлкен рахмет",- деп ой бөлісті Зайна.

Аталған топтамалық қызметтер абоненттерге отбасы бюджетін анағұрлым үнемдеуге әрі заманауи байланыс қызметтерін пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Маңғыстау ОТД "Сәттілігіңді жіберіп алма!" акциясының жеңімпаздарын құттықтайды!

 
0
0
392

Осы тақырып бойынша