Mail.ru-да неғып жүр қалың қазақ баласы?
Жақында Қазақ тіліндегі жақсы сайттың бірі www.massagan.com сайтынан мына мақаланы оқып қалдым, шынымен де ойландыратын жағдай!!! Қазақ тілінде арнайы Әлеуметтік желі жоқ десем қателеспейтін шығармын! Мақалада былай деп жазылған! «Бәріміз де Майл.ру-дың жастары едік, Бәріміз де Мой мирді ашқан едік. Онлайндар ойда, Отошелдер тойда, Отключендер, Невидимдер қайда екен?» – деп елімізге танымал айтыскер ақынымыз Балғынбек Имашев м-агентте отырғандарды осылайша күлкіге бір қарық қылғаны бар. Әзілмен жазылса да, түбінде зіл жатқанын байқамаймыз. Неге «Mail.ru», неге «Мой мир», неге «онлайн», неге «отошел», неге «невидим»? Осыны ойладық па? Мұны айтып отырған себебіміз – бүгінде жастарымыз «агенті бардың күні – жарық, агенті жоқтың күні – қаріп» дегеннің кебін киіп отыр. Жұрттың бәрі…