Қазақстанда мемлекетті дамытуға бағытталған интерактивті онлайн платформалар бастау алмақшы
Бірінші жоба «Әлеуметтік бастамалар картасы» қазақстандықтар қоғамдағы өздерін толғандыратын мәселелер жайлы айтып, оны шешу жолында бастама ұсынып және өзін ерікті етіп ұсына алатын онлайн платформа болып табылады. Бұның барлығы кез-келген адам не ұйым тіркелген кезде өзінің рөлін анықтауға (бастамашы (өтініш білдіруші) немесе ресуртар иесі (волонтерлер/ұйымдар/ресурспен бөліскісі келетін бизнесмендер) рөлі) мүмкіндік беретін онлайн платформа арқылы жүзеге асады.Аталмыш жоба екі кезеңнен тұрады: біріншісі интерактивті кеңістік пен мобильді қосымша құру және краудфандинг (ерікті жарна төлеу) жүйесін енгізу. Бастамашы болу үшін сай келетін нысанды толтырып, жіберу керек. Одан кейін өтінім мемлекеттік құзіретті органдар мен ресурстар иелерімен қарастырылады. Осыдан соң бастамашы өтініші өз…