Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанда мемлекетті дамытуға бағытталған интерактивті онлайн платформалар бастау алмақшы

Бірінші жоба «Әлеуметтік бастамалар картасы» қазақстандықтар қоғамдағы өздерін толғандыратын мәселелер жайлы айтып, оны шешу жолында бастама ұсынып және өзін ерікті етіп ұсына алатын онлайн платформа болып табылады. Бұның барлығы кез-келген адам не ұйым тіркелген кезде өзінің рөлін анықтауға (бастамашы (өтініш білдіруші) немесе ресуртар иесі (волонтерлер/ұйымдар/ресурспен бөліскісі келетін бизнесмендер) рөлі) мүмкіндік беретін онлайн платформа арқылы жүзеге асады.

Аталмыш жоба екі кезеңнен тұрады: біріншісі интерактивті кеңістік пен мобильді қосымша құру және краудфандинг (ерікті жарна төлеу) жүйесін енгізу. Бастамашы болу үшін сай келетін нысанды толтырып, жіберу керек. Одан кейін өтінім мемлекеттік құзіретті органдар мен ресурстар иелерімен қарастырылады. Осыдан соң бастамашы өтініші өз шешімін табады.

Төменде өтінімді өңдеу сызбасы көрсетілген:

Жобаны толтыру (аймақты, бастама саласын таңдау, сауалнаманы тлтыру) – кері байланыс –мемлекеттік органды тарту, қажет болған жағдайда – бастаманы іске асыру үшін топты таңдау – қаржы/ресурстарды іздеу, қажет болған жағдайда – қаржы/ресурстарды тарту, қажет болған жағдайда – мемлекеттік органды тарту, қажет болған жағдайда – жобаны жүзеге асыру – жобаны жабу – жобаны бағалау – нәтиже

«Әлеуметтік бастамалар картасының» мақсаты айқын: интерактивті онлайн платформа арқылы азаматтар, ҮЕҰ, волонтерлер, меценаттар, бизнесмендер мен мемлекеттік құрылымдар күшін қоғам мәселелерін шешу жолында біріктіру.

Екінші жоба «Волонтерлікті дамытуға арналған бірыңғай ақпараттық платформа». Жоба веб сайт пен мобильді қосымшаны әзірлеу арқылы жүзеге асады. Аталмыш жобаның мақсаты: көмекке мұқтаждар мен ол көмекті көрсете алатындар арасындағы өзара әрекеттесуін жеңілдету. Ол үшін сайт пайдаланушысы волонтер/бастамашыл топ немесе ұйым ретінде тіркеледі. Тіркелу барысында өз ұялы телефонын байланыстырып сауалнаманы толтыру керек. Одан өзге онлайн-волонтерлікке де мүмкіндік беріледі (аудармамен, веб-дизайнмен, бағдарламалаумен көмек).

Айта кететін жайт, бұл жоба жас мамандарға өз кәсіби дағдыларын машықтауға көмектесетін тәжірибе бола алады. Одан өзге платформада еліміздің ішіндегі мен оның шекарасынан тыс волонтерлік туралы жаңалықтар, волонтерлік жайлы онлайн курстарға сілтемелер болады.

Егер сіз волонтерлерге мұқтаж ұйым болсаңыз сізге тіркеуде өз БИН-ыңыз бен өзге де құжаттарды көрсету арқылы өту керек. Одан кейін волонтерлер қажет шаралар немесе оларға арналған мүмкіндіктер туралы жариялауға болады.

Жоба қызметінің сапасын бақылау үшін волонтерлер мен ұйымдарға рейтингілік жүйе енгізіледі. Осылайша 5000 волонтерлер, 125-тен кем емес ұйымдар мен 100-ден аса бастамашыл топтарды қамту күтілуде.

Жобалардың презентациясы 2018 жылдың күзіне жоспарлануда.

Анықтама:

«Ұлттық волонтерлік желі қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігі нысанында 2012 жылдан бастап жұмыс жасауда.

Ұйымның жарқын жобалары ретінде «Жеңіс» әлеуметтік-қайырымдылық жобасын, «Астана экономика форумы» халықаралық форумы, «Казахстан дружественный к ребенку» республикалық форум-фестивалі, ЕХРО-ға волонтерлер мен үйлестірушілерді дайындау мен халықаралық KADEX-2018 қару-жарақ және әскери-техникалық мүлік көрмесін атап өтуге болады.

Біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларымыз:

https://www.instagram.com/kz_nvs/

https://www.facebook.com/kzvolontery

Жауапты тұлғалардың байланыс мәліметтері:

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-нің атқарушы директоры

Миронюк Татьяна Александровна

жұм.+77172 76-81-24

ұялы.+7 777 611 53 75

[email protected]

«Ұлттық волонтерлік желі» ЗТБ-нің волонтерлік жобалар үйлестірушісі

Усембаева Айгерим Бижановна

жұм.+77172 76-81-24

ұялы. +7 707 854 14 87

[email protected]

1
0
1415

Осы тақырып бойынша

Қазақстанда мемлекетті дамытуға бағытталған интерактивті онлайн платформалар бастау алмақшы - Yvision.kz