«Мен неге экстремизмге қарсы күресуім керек?»
Мәселені қозғамастан бұрын «экстремизм» түсінігінін мәніне тоқталып кетейін. Экстремизм (лат. «шеттеу») – бұл адамның қандай да бір сенімге немесе идеяға шектен тыс берілуі, ол өзге сенімдерді, ұстанымдарды, дәстүрлер мен құндылықтарды мойындамаушылықты туындатады. 2005 жылғы 18 ақпанда қабылданған «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 5-тармағында мынадай анықтама берілген: Экстремизм – жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестiгiнiң белгiленген тәртiппен экстремистiк деп танылған ұйымдардың атынан iс-әрекеттер ұйымдастыруы және (немесе) жасауы;жеке және (немесе) заңды тұлғаның, жеке және (немесе) заңды тұлғалар бiрлестігінің мынадай экстремистік мақсаттарды: – Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күшпе…