Отандық кинотуындылармен хабардар болғыңыз келсе...
- Жалпы блог еліміздің кино өндірісіндегі отандық туындылардың мақсаты, міндеті және сапасы жайлы болмақ. Торғайлық жан сіздерге көруге тұрарлық және ең танымал, үздік фильмдермен таныстыруға асық.- Ең алдымен ойласып көрсек, адам санасына жақсылықты жеткізу, олардың рухани қалыптасуына әсер ете отырып, қоғамдық ойды бағдарлау және жаңалықтармен хабадар ету киноматография саласының негізгі міндеті болып табылатыны анық. Ол өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып ,миллиондаған адамдарға ой салып, тәрбиелейді, өмір мəселелерін талдатады, одан қорытынды жасатады.Кино дегеніміз - туындыгердің философиялық ой өрісінің, эстетикалық талғам-танымының, әлемге деген көзқарасының жемісі, әрі өнер екендігін айқындайтынын ескерсек, киноның нағыз авторы , әрі жасаушысы режиссер болып саналды. Басында қар…