Отандық кинотуындылармен хабардар болғыңыз келсе...
- Жалпы блог еліміздің кино өндірісіндегі отандық туындылардың мақсаты, міндеті және сапасы жайлы болмақ. Торғайлық жан сіздерге көруге тұрарлық және ең танымал, үздік фильмдермен таныстыруға асық.

- Ең алдымен ойласып көрсек, адам санасына жақсылықты жеткізу, олардың рухани қалыптасуына әсер ете отырып, қоғамдық ойды бағдарлау және жаңалықтармен хабадар ету киноматография саласының негізгі міндеті болып табылатыны анық. Ол өміріміздің ажырамас бөлігіне айналып ,миллиондаған адамдарға ой салып, тәрбиелейді, өмір мəселелерін талдатады, одан қорытынды жасатады.
Кино дегеніміз - туындыгердің философиялық ой өрісінің, эстетикалық талғам-танымының, әлемге деген көзқарасының жемісі, әрі өнер екендігін айқындайтынын ескерсек, киноның нағыз авторы , әрі жасаушысы режиссер болып саналды. Басында қара-ақ түсті болған фильмдер асқан жылдамдықпен жоғарғы деңгейде дамуда. Түрлі фантастикалық, комедия және тарихи жанрындағы фильмдерге сұраныс артуда. Осылайша, кино әлемінің өзінде ғаламат технологиялардың озық үлгісін көре бастадық. Айына бір рет кинотетарға бармасақ, өзімізді әлденеден құр қалғандай сезінетін жағдайға да жеттік. Бірақ қазіргі шетелдік кинотуындалардан қандай тәлім-тәрбие алуға болады? Неліктен отандық фильмдерге деген сұраныс аз?
- Уақыт өткен сайын елімізде кино индустриясы өрістеп дамып келе жатқаны қуантады. Жыл өткен сайын түсірілген фильмдерде жіберілетін қателіктері де азаюда. Әр жылы ұлттық фильмдердің санын көбейтіп, сапасын арттыру үшін қаржы бөлініп, көптеген қолайлы жағдайлар жасалынып келеді. Халықтың бойында кино саласына деген сүйіспеншілікті қалыптастыру және сапалы кинолардың санын арттыру мақсатында отандық кино саласында көптеген режиссерлер мен продюсерлер еңбек етуде. Елімізде кино саласының жедел қарқынмен дамып, отандық кино туындылардың саны уақыт өткен сайын көбеюде.
Әрине, қазіргі кезде қазақ киносының дамуы аса маңызды. Шетел киноларынан кем түспейтін ұлттық кинолар халық тарапынан жылы қабылданып, жоғары бағаға ие болуда. Отандық кино саласына келген жаңа леп осы уақытқа дейін қалыптасып қалған сеңді бұзып, көрермендерге қуаныш алып келді десем де болады. Францияда, Иранда, АҚШ-та, Үндістанда,Чехияда, Швецияда, Канадада өткен кинофестивальдерде қазақстандық фильмдер әр түрлі номинациялар бойынша жүлделерге ие болуы да сапаның көтерілуінің айғағы.
Қалай қарастырсақта, тарихымыз бен мәдениетімізді танытушы насихат құралы ретінде кино өнерінің атқарар рөлі орасан екендігін ескеріп, көрерменді арзан күлкіге, жеңіл ойлауға, тұрпайы әзілдерге тәрбиелейтін, сөз мәдениетін түсіріп, тіл мәртебесін төмендететін фильмдерді көру немесе түсіруден аулақ болған дұрыс. Бүгінгі күннің айнасын ертеңгі ұрпаққа көрсетуде зеттеу материалы ретінде құнды болып саналатын отандық кинотуындалар көптеп түсіріле берсе деген игі тілек. Ойсыздың да санасына қатты әсер ететін кино атты асыл өнерді бағалап, киноның тәрбие құралы екенін ұмытпайық!
- Алдағы уақыттарда сіздермен отандық фильмдердің алғашқы жұлдыздарымен және жаңа жақсы туындыларымен хабардар ететін боламын. Сіздерге қажетті тағы да қандай ақпараттармен бөліскенімді қалайсыздар?
